«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде тез оқылатын курстарға бірден 100 әйел қатысты

2023 жылғы 18 Мамыр
- Ақтөбе облысы
6397 просмотров

 Олар Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің жастар қанатының жобасы шеңберінде өтінім берген 200 үміткер ішінен іріктелді.

Жобаға қатысушыларды іріктеу және сауалнама осы жылдың сәуірінд жүргізілді. Жоба туралы әлеуметтік желілер арқылы өңірлік «Атамекен» және Іскер әйелдер кеңесі парақшаларында хабарланды. Нәтижесінде 110 тыңдаушы таңдалды. Кәсіпкерлік әлеуетке басты назар аударылды, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, аналар үйлерінің және «Asar-ume» қайырымдылық қорының қамқорлығындағы аналар басымдыққа ие болды.

 «Іскер әйелдер кеңесінің «Жас қанат» жастар қанатының мүшелері екі күн бойы он мамандық бойынша топтарда оқыды. Атап айтқанда, нөлден бастап SMM, мобилография, бет пен денеге арналған массаж, хиджама, нан пісіру, киім мен бас киімдерді жобалау, гипс бұйымдарын жасау, тазалау негіздері және жылдам оқу курсы. Бұл кәсіптер тез оқылатын мамандықтар санатына жатады деп санаймыз. Біздің жетекшілігімізбен бұл дағдыларды оңай монетизациялауға, коммерциялық арнаға ауыстыруға мүмкіндік болады», – деді Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Майра Сұрбаева.

 Әр топта оқытушы үздік тыңдаушыларды іріктеді. Екі күндік оқудан кейін дауыс беру арқылы ұйымдастырушылар марапаттау үшін екі тыңдаушыны таңдады.

Мәселен, үшемнің анасы, оның екі мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған  Гүлнар Шадманова дидактикалық материал сатып алу үшін 100 мың теңгеге сертификат алды. Әйел медициналық білімі бар және логопед кабинет ашу жобасын жүзеге асыруды армандайды.

«Ерекше балалардың анасы ретінде мен балалармен профилактикалық және емдік жұмыстардың қаншалықты маңызды екенін білемін. Менің өз жұмыс әдісім бар. Жобаға ілігемін деп күткен жоқпын. SMM дағдыларын тегін үйренгім келді. Бұл жұмыста және өз қызметтерімді ілгерілетуде қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Тегін оқыдық. Ең бастысы, олар үлкен психологиялық мотивация берді. Ерекше балалардың ата-аналары, өз күштеріне, мүмкіндіктеріне сенбеген, қолдаудың бар шаралары туралы білмеген әйелдер үшін өте маңызды», – деп бөлісті әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында кеңес алған және кабинеттің ашылуымен тығыз айналысуға дайын әйел.

Жеңіскөл Ахметова өзі бес бала тәрбиелеп отыр. Ол жұмсақ жиһазды құрғақ тазалау бизнесін бастады. Курстарда тазалау қызметтерінің жаңа технологияларын үйренді. Оған қажетті қаражатты сатып алуға 50 мың теңге көлемінде сертификат табыс етілді.

Тағы бір көпбалалы ана Гүлбарам Мурсалимоваға сұлулық салоны мен массаж кабинетіне ем алуға сертификаттар берілді. Әйел клининг курсына қатысты.

«Кәсіпкерлер палатасы жобаның барлық қатысушысына бизнес-жоспарларды әзірлеуде кеңес беру, бизнесті дамытуды қолдау шараларына құжаттар жинау, құқықтық көмек көрсетуді көздейтін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге дайын», – деп атап өтті «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Дидар Боранқұлов. Ол Палата ұсынатын  қызметтерді таныстырды.

Бір кәсіпті дөңгелетіп кету, әсіресе әйел адамға қиын болмайды. Ол үшін жанға жақын істі тауып, әдемі көйлек киіп, әрекет ету керек. Бұл жасына, жынысына, әлеуметтік және қаржылық жағдайына қарастан бизнес ашқан жандардың ұраны. Даму, өсуді көздеген адамдарға қолдау мен мемлекеттік бағдарламалар бар, дейді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршин Айдарханова.

«Өңірде жастарға арналған «Ауыл аманат» сәтті жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ ҰКП «Мен кәсіпкер» құралын іске қосты. «Бір ауыл-бір өнім» жобасы аясында кооперация құру мүмкіндігі бар. Тек ынта болса болды, біздің тегін қызметтер сізге көмектеседі. Тренерлерден үлгі алыңыз. Олар бірнеше жыл бұрын сіз сияқты партада отырып, курс оқығандар. Бүгін олар кәсіп ашып, білім беріп жатыр», – деді ол.

Жобаның барлық қатысушысына қысқа мерзімді курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды. Палата мен ІӘК алғыс хаттармен оқытушыларды атап өтті.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер