«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік кәсіпкер ботаникалық бақ өсіруге кірісе алмай жүр

2023 жылғы 16 Мамыр
- Ақтөбе облысы
5389 просмотров

Кәсіпкерге уақытша және өтеулі тәртіпте жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскесін алып қою қаупі төніп тұр. Кәсіпкер көмек алу үшін Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«Лазарчук Е. Г.» жеке кәсіпкерлігінің өтінішін объективті қарау үшін «Атамекен» алаңында қалалық жер қатынастары бөлімі, қала прокуратурасы өкілдері және өңірлік кеңес мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қала әкімдігі тарапынан жеке кәсіпкерлікке қатысты мұндай әрекет Ақтөбе прокуратурасының ұсынуы негіз болғаны анықталды. 

 Өңірде экобелсенді ретінде белгілі Евгений Лазарчук ол үш күн мерзімде жер учаскесін қайтару мәселесін шешуі керек екені туралы хабарлама алды. Осы талаптар орындалмаған жағдайда, Ақтөбе қаласының әкімдігі жер учаскесін жалға беру бойынша бұрын берген қаулылардың күшін жою бойынша материалдарды сотқа беру жөніндегі мәселелер дайындалатыны айтылды.

 Алайда, осы өтінішті талқылау барысында прокуратура жер қатынастары бөлімінің алдына жер учаскесін қайтару және алып қою туралы мәселе қоймағаны анықталды.

«Кәсіпкерге жер учаскесін беру барысында жіберілген бұзушылықтарды жою қажет болды. Атап айтқанда, бір межелі түрден екіншісіне ауыстыруға тағайындалған жерлердің экспликациясын дайындау керек болды, сондай-ақ трансформациялануға жататын анықталған ауыл шаруашылығы алқаптарын көрсете отырып, далалық зерттеу актісі мен сызбасын, сондай-ақ жер учаскелерінің сапалық сипаттамасын дайындау қажет етілді», – деп түсіндірді Ақтөбе қаласы прокуратура бөлімінің аға прокуроры Алматы Алмақов.

 Бұл ретте прокурор жерді тартып алудағы негізгі аспект осы жер учаскесіне жақын маңдағы Өрлеу кенті тұрғындарының өтініші болғанын айтты. Жайылым жерлердің болмауы салдарынан мал кәсіпкердің учаскесіне өтіп, көшеттерді жейді. Бүлінген көшет үшін ауыл тұрғындарына айыппұл салынады. Кәсіпкердің айтуынша, жерді қоршап алуға оның әзірге қаражылық мүмкіндігі жоқ.

«Осыған байланысты кездесу қорытындысы бойынша бірінші кезекте «Лазарчук» жеке кәсіпкерлігі жіберген бұзушылықтарды жоюы, екінші кезекте жер қатынастары бөлімінің хабарламаларына түсініктеме беруі қажет екенін көрсетуді ұйғардық. Берілген түсініктеме негізінде жер қатынастары бөлімі Ақтөбе қаласының прокуратурасына аралық жауап береді», – деп түсіндірді ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшинов.

 Қандай жағдайда болмасын қаланы ботаникалық бақсыз ешкім қалдырмайтыны айтылды. Экологиялық жобаны дамыту үшін Евгений Лазарчук Астана және Ақтау қалаларының ботаникалық бақтарымен егу материалдарымен алмасу бойынша келісімшарттар жасасты. Болашақта ерікті кәсіпкер көшеттер мен ағаштарды қала қажеттіліктері үшін, гүлзарлар мен аллеяларға егуге ұсынбақшы. Жер учаскесінің жалпы ауданы 32,8 га.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер