«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысы ауылда кооперативтер желісін құруды көздеп отыр

2023 жылғы 26 Сәуір
- Ақтөбе облысы
5220 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қолға алынған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы өңір-өңірде жақсы құрал болмақ. Мобильді топ мүшелері облыс аудандарының тұрғындарына шағын және микро бизнесті қолдаудың жаңа шаралары туралы айтып береді.

Кәсіпкерлерді жобаға тарту үшін палата директоры аудандар мен ауылдық округтерге бару кестесін бекітті. Түсіндіру жұмыстарын Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер Палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ержан Нұрғалиев, Палата жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Данат Сәрсенов және Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, тәлімгер Күлпаршын Айдарханова жүргізіп жатыр.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы өңірдегі бірегей өнімдерді іздеуге, жергілікті тауарлар мен өнімдерді өндіруді дамытуға ынталандыруға, сонымен қатар тек жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілерді біріктіруге негізделген. Негізі – ынтымақтастық, оның тұжырымдамасын әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы алға ілгерілетеді. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ауылда кооперативтік жүйе құрып, сол арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жергілікті өнімді өткізуге көмектесіп, ауылды жұмыспен қамтамасыз ететінімізге сенімдімін. бұл қазір ерекше өзекті. Сондай-ақ, өңірде «Ауыл аманаты» аясында несиелеу белсенді жүргізіліп жатыр. Оның бизнес-жобалары «Бір ауыл – бір жоба» қатысушыларымен ынтымақтаса алады», – деді Күлпаршын Айдарханова.

Жобаның өзі Жапониядан бастау алады. Ол сондай-ақ Қырғыз Республикасында Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесіп жүзеге асырылды. Сәтті жүзеге асырылғаннан кейін басқа аймақтарға да таралды. Жобаны жүзеге асыру кезінде Қазақстан Қырғызстанның тәжірибесіне сүйенеді. Қазақстанда Жамбыл, Маңғыстау облыстарында және Батыс Қазақстан облысында пилоттық түрде іске қосылды. Биылдан бастап жоба республика бойынша, оның ішінде Ақтөбе облысында да қолға алынып жатыр.

«Жобаға облыстың барлық ауданы міндетті түрде қатысады. Тапсырыс беруші – Ұлттық экономика министрлігі, ал орындаушы – Кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, облыстық іскер әйелдер кеңесі. Біз өз тарапымыздан оқыту, кеңес беру, маркетингтік қолдау, көшпелі іс-сапарлар ұйымдастырамыз», – дейді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ержан Нұрғалиев.

Жоба жергілікті «брендтерді» құруға нақты көмек көрсетеді. Кез келген адам қатысуға  өтініш бере алады.

Мәселен, Алғын ауданындағы «Абылай» шаруа қожалығы жобаға қатысуға ниетті. Кәсіпкер Қыдырбай Юсупов 1997 жылдан бері мал шаруашылығымен және егін шаруашылығымен айналысып, тоғандағы балық шаруашылығын да дамытады. Ет-сүт өнімдерін өткізу үшін шаруашылық облыс орталығынан «Біздің ферма» дүкенін ашты. Негізгі өнімі – қымыз.

Меруерт Жаузақова мен Жанша Ерекешова Мұғалжар өңірінің кәсіпкерлерімен кездесуде ниеттерін айтты. Біріншісі гипс өнімдерін шығарумен айналысса, екіншісі шөптен емдік тұнбалар шығару жобасын қолға алмақшы. «Бір ауыл – бір өнім» – 2023 жылдан бастап елімізде кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Мен Кәсіпкер» құралының негізгі бағыттарының бірі. Басқа бағыттар – «Кәсіпке бағыт» салалық оқыту және «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары».

«Ел Президенті Қазақстанға кәсіпкерлердің жаңа толқыны қажет екенін атап өтті. Және бұл жобалар өз идеяларын жүзеге асырғысы келетін адамдар үшін мүмкіндіктер мен құралдарды кеңейтуге жақсы көмек болады. Жыл соңына дейін облыстың 140-қа жуық тұрғынын қамтуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, кеңес беру, оқыту, жобаларды қолдау және нақты өнімдерді шығаруға дейін», – дейді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова.

Осы жылдың 30 маусымында Ақтөбеде көрме ұйымдастырылады, оның барысында «Бір ауыл – бір жоба» жобасына қатысушыларды іріктеу өтеді.

Жобаға қатысуға ниет білдіргендер Кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарына, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына өтініш бере алады. Анықтама телефон: +7 (7132) 744 - 615 (кеңесші менеджер Данат Сәрсенов).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер