«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында жұмысшы кадрларға қажеттілік жоғары

2023 жылғы 25 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6240 просмотров

Мамандарды дайындау «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы үшін басым міндеттер қатарында тұр.

Палата хабарлағандай, осы жылдың 9 қаңтарынан 24 ақпанына дейін жұмыс берушілердің 2023-2025 жылдарға кадрларға қажеттілігін анықтау үшін облыс бойынша 2262 кәсіпорыннан сауалнама жүргізілу жоспарланған. Бұл 1357 заңды тұлға және 905 жеке кәсіпорын. Бұл салалар мен аудандар бөлінісінде белсенді кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындардың 4,8%-ын  құрайды. Сауалнама Enbek порталында онлайн және қоңырау шалу арқылы жүргізіледі.

«Атамекен» ҰКП жұмыс берушілеріне сауалнаманы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жүргізеді.

Сауалнама мынадай блоктардан тұрады: кадрларға қажеттілікті талдау; қызметкерлердің ықтимал босатылуын бағалау; Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту және дуальды оқыту. Бұл экономикалық қызмет түрлері мен кәсіптер бойынша еңбек нарығының нақты қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

«Өткен жылы облыстың 1493 кәсіпорнына сауалнама жүргізілді, түрлі қызмет салаларының мамандарына қажеттілік анықталды. Бизнестің кадрларға деген негізгі қажеттілігі орта буын мамандары мен жұмысшы біліктіліктері бойынша байқалады. Кәсіптер салалары бойынша ауыл шаруашылығы, білім беру, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларында білімі бар қызметкерлер сұранысқа ие. Алдағы жылдарға арналған болжамдар бойынша орта және төмен білікті мамандықтар: тракторшы, жол монтері, тігінші, аспаз, күзетшілер және тағы басқ»,- деді ӨКП директоры Дана Бекбауова.

Сауалнама нәтижелері техникалық және кәсіптік, жоғары білім берудің және қысқа мерзімді оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін Білім беру және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жіберіледі.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында дуалыді оқытудың жол картасы аясында тәлімгерлік мектебі ұйымдастырылды, онда түрлі кәсіпорындардың 102 қызметкері оқыды.

Бұдан басқа, Палата кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыру және техникалық және қызмет көрсету мамандықтар бойынша біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарының тізілімін жүргізеді. Оған кәсіпорындар жанындағы 20 оқу орталығы, 5 дербес оқу орталығы және 88 жұмысшы мамандығы бойынша 19 колледж кірді.

«Өткен жылы қысқа мерзімді оқыту бойынша 1004 адам бітірді. Мысалы, «Глобал-Спецодежда» ЖШС, «QazServiceGroup» ЖШС, «Азайа» ЖШС және т.б. оқу орталықтары жұмыс істеп жатыр. Олар 1 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы жіберген жұмысшы кадрларды өздері үшін дербес даярлау мүмкіндігіне ие. Осылайша, жұмыс берушілер кадрларды даярлау процесіне белсенді қатысады. Меморандумдар жасалады, серіктестермен оқу жоспарлары келісіледі, кәсіпорындар кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысады. Жергілікті жерлерде өндірістік практикадан өту үшін жағдайлар жасалады», - деді ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айнұр Баймұратова.

Өңір бизнесінің кадрларға қажеттілігі бойынша сауалнама нәтижесін ӨКП мамандары ақпанның соңында жариялайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер