«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шешімін тапқан мәселелер

2015 жылғы 28 Қазан
- Ақтөбе облысы
9229 просмотров

Мәртүк ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы заңнаманы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Бернияз Длимов бұл туралы Мәртүкте ұйымдастырылған көшпелі жиналыс барысында хабарлады. Оған мемлекеттік органдар, қаржы институттары өкілдері, 70-тен астам кәсіпкер қатысты.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бұзуларды жою, әкімшілік кедергілерді анықтау бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Аудандық филиал кәсіпкерлік қызмет субъектілері құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді анықтау және жою мәселелері бойынша аудандық прокуратурамен тиімді әрекеттестік жұмысы жасалды.

«Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқығын қорғауды қамтамасыз еттік. Атап айтқанда, жергілікті бес кәсіпкер аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Нұрболат Үмбетовтың заңсыз әрекетіне шағыммен жүгінген болатын. Аудан прокуратурасының жауап қату шараларын қолдануы нәтижесінде заңды бұзуды жоюға ұсыныс енгізілді. Мемлекеттік қызметкер заңнаманы бұзғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тәртіптік кеңесінің ұсынысымен жұмыстан шығарылды», - деп хабарлады жиналысқа қатысушыларға Бернияз Длимов.

ӨКП филиалының жәрдемімен жеке кәсіпкер Құсниязовтың кемпингке инфрақұрылым жүргізу үшін құны 56,5 млн теңге қаржыландыру бөлу туралы түйткілді мәселесі шешілді деуге болады. 

Аталмыш мәселені ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Ғани Қасымов жеткізді. Нәтижесінде облыстық мәжіліс депутаттары жобалау-сметалық құжаттамасын даярлау үшін 700 мың теңге сомасындағы қаржы қаражатын бөлуді мақұлдады. 

Жұмыс жиналысында «Даму» КДҚ АФ, «ҚазАгро» АҚ институттары кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары жайлы консультациялар берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер