«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлердің мәселелері қаралды

2025 жылғы 12 Наурыз
- Түркістан облысы
209 просмотров

Палата алаңында «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі кезекті отырыс өтті. Жиында екі өзекті мәселе талқыланып, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Бірінші мәселе «Береке» шаруа қожалығының басшылары Н.Дәрібаев пен К.Досымов көтерген су ресурстарына қатысты дауға арналды. Бұл шаруа қожалығы Сауран ауданы, Шаға ауылдық округінде орналасқан. Кәсіпкерлердің айтуынша, қожалық жеріндегі суға байланысты дау олардың қызметіне кері әсерін тигізуде. Отырыста осы мәселені шешу жолдары қарастырылып, тиісті органдарға нақты ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.

Екінші мәселе Түркістан қаласындағы С.Ерубаев көшесінде орнатылған №3.4 «Жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады» жол белгісіне қатысты болды. Бұл шектеу «Жауғашты» сауда орталығының кәсіпкерлері мен «ГОСКонтакт» ЖШС арасындағы шарттық міндеттемелерді (тауар жеткізу) орындауға кедергі келтіріп отыр. Кәсіпкерлер сауда нысанына тауар жеткізудің қиындағанын айтып, мәселені шешуді сұрады.

Жиын қорытындысы бойынша, тиісті мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің проблемаларын шешуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жүргізілмек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер