«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлік саласындағы мәселелер талқыланды

2024 жылғы 01 Қазан
- Ақтөбе облысы
2643 просмотров

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.

 

Шара облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның төрағалығымен өтті. Отырыс аясында Ақтөбе өңірінде шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау туралы мәселелер қаралды.

Өңірлік "Атамекен" палатасының директоры Дидар Боранқұлов пен облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев кәсіпкерлік саласында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен өңірдегі бірқатар мәселелер жайында айтып берді.

Бүгінде облысымыз кәсіпкерлік саласын мемлекеттік қолдау шарасы шеңберінде субсидиялау және кепілдендіру бойынша алдыңғы орында тұр. Соның нәтижесінде биыл мамыр айынан бастап облысымызда тіркелген және жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны артқан. Мәселен, тіркелген ШОБ саны 741-ге, жұмыс істейтін ШОБ саны 407-ге өскен.

Дидар Боранқұловтың айтуынша, облыста шағын бизнес үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен тиімділігіне оң баға беріліп отыр.

"Дегенмен, мемлекеттік қолдау шараларын алудағы кедергілер ретінде салалар мен қызмет түрлері бойынша шектеулер, жеңілдікті қаржыландырудың шектеулі көлемі, сондай-ақ ережелер мен өлшемшарттардың өзгеру жиілігі атап өтілді. Ал орта бизнес үшін ең өзекті мәселелер - несиелеудегі қиындықтар, салық жүктемесінің өсуі, кадрлар тапшылығы және коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауы",- деді ӨКП басшысы.

Отырыста депутаттар баяндамашыларға сауалдар қойып, осы саладағы бірқатар мәселелерді көтерді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер