«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында

2024 жылғы 30 Қыркүйек
503 просмотров

«Атамекен» палатасы кадрлар даярлаудың дуальды жүйесі шеңберінде өндірістік оқытуды автоматтандыру жөніндегі жобаны іске қосты.

Бүгінгі таңда дуальды оқыту аясында өндірісте 70 мыңнан астам техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) студенттері білім алуда. Өзара тиімді әріптестік туралы барлық шарттар «Атамекен» ҚР ҰКП-да тіркеледі. Дуальды оқытуды іске асыру тетіктері уәкілетті мемлекеттік орган, ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Қағидалармен регламенттелген.

Палата бірлесіп әзірлеген және Министрлік бекіткен дуальды оқытуды іске асырудың Жол картасының басталуы 2014 жылы қаланды. Басында жобаға 600 кәсіпорын қатысты.

Осы мерзімде дуальды оқытуға 200 мыңнан аса студент атсалысты. Бұл тәжірибеге бағытталған оқытудың көрсеткіші болып табылады. Онда шамамен 7 мың жұмыс беруші кадрларды даярлауды өз мойнына алды. Бұл Палатаның ауқымды үйлестіру жұмысының нәтижесі, ол неміс тәжірибесі негізінде құрылып, «Палата – Министрлік» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

Бұл, ең алдымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауының

«...техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы және елдің жаңа экономикалық бағытының міндеттеріне сәйкес келуі қажет»

деген тапсырмасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Палатаның 2024 жылғы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі тиісті шарасы ретінде beam.kz цифрлық платформасы арқылы өндірістік оқытуды автоматтандыру процесін айтуға болады.

Бұл қалай жүзеге асырылады?

Өндірістік оқытуды ұйымдастыру, цифрлық форматтағы «КӘСІПОРЫН-КОЛЛЕДЖ-СТУДЕНТ» дуальды оқыту шеңберінде алған дағдыларын практикада бекіту.

Барлық ілеспе рәсімдер: дайын базадан жаңа серіктестерді қосу мүмкіндігі, оқу жоспарын келісу, жұмыс орнында оқытудың электрондық күнделігін жүргізу, барлық жауапты қатысушыларды (кәсіпорын, кадр қызметі, тәлімгер, колледж, практика жетекшісі, студент) қосу ЭЦҚ арқылы шартқа онлайн қол қою арқылы жүзеге асырылатын болады.

Нәтижесінде не аламыз?

Палатаның жобасы дуальды оқыту аясындағы ынтымақтастық шарттарының реестрін құрады, кадрларды даярлау жүйесіне енгізілген жұмыс берушілер базасын кеңейтеді, сондай-ақ өндірісте практикалық дағдылар алған студенттер мен түлектердің деректер базасын қалыптастырады. Жобаның басты мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер