«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде "Бір ауыл-бір өнім" жобасының жеңімпаздары анықталды

2024 жылғы 20 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
4491 просмотров

Ақтөбе облысында Ақтөбе өңірінен жеңімпаздарды анықтау бойынша "Бір ауыл  - бір өнім" жобасының бренд - комитетінің отырысы өтті.

Жобаның 10 жартылай финалисті финалға шығу үшін "күресті":


1. Аманова Тазагүл - түйе сүтінен өнім өндіру /Ыргыз ауданы/ 
2. Ғалиева Разия - құлмақтан жасалған жастықтар өндірісі / Қобда ауданы/ 
3. Гогель Аркадий - керамика өндірісі / Мәртөк ауданы/
4. Ишкенова Мария - ысталған өнімдер өндірісі / Қобда ауданы/ 
5. Молдагереев Еркібек - бөдене жұмыртқасын өндіру / Алға ауданы/
6. Мырзағалиева Сәуле - ет жартылай фабрикаттарын өндіру / Алға ауданы/ 
7. Мұқанова Айжан - күнжара өндірісі /Мәртөк ауданы/ 
8. Сағынғали Айдана - киізден этно киім өндірісі /Ыргыз ауданы/ 
9. Садриева Нағима - қымыз өндірісі /Ыргыз ауданы/ 
10. Тоқбанова Зарина - ет өндіру, өңдеу және консервілеу / Мәртөк ауданы/.

Отырыс барысында жартылай финалистер өз өнімдерін кезекпен таныстырып, өндірістегі проблемалар туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Бренд-комитет мүшелері өз кезегінде әр кәсіпкерге қосымша сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар берді.

Іс - шара Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асхат Айтжановтың төрағалығымен, кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұловтың қатысуымен өтті. Бренд комитетінің құрамына кәсіпкерлік басқармасының, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің, стандарттау институттарының, қаржы институттарының, қоғамдық кеңестің, қауымдастықтардың, өңірлік және салалық кеңестердің, БАҚ өкілдері кірді.

Отырыс қорытындысы бойынша үш кәсіпкер үздік деп танылды:

Жеке тұлға Гогель Аркадий - керамика өндірісі / Мәртөк ауданы/;


ЖК Сағынғали Айдана - киізден этно киім өндірісі /Ыргыз ауданы/;


ЖК Молдагереев Ердібек - бөдене жұмыртқасын өндіру / Алға ауданы/.

Жеңімпаздарға "Атамекен" тарапынан өндірісті кеңейту және қажет болған жағдайда экспортқа шығу бойынша қолдау көрсетілетін болады. Бренд комитетінің мүшелері отырысқа келген барлық кандидаттарға бизнесті масштабтау және өнімнің нарықтық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша кеңес берді.

Айта кетейік, "Бір ауыл – бір өнім" жобасы «Мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын, экономика секторларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 33681 бұйрығына сәйкес 10-қосымшамен бекітілген "Мен-кәсіпкер" құралы шеңберінде іске асырылуда. Жобаның негізгі міндеті-ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, қолда бар шикізатты қолдана отырып өнім шығару, жаңа жұмыс орындарын ашу. Бұған дейін, тамыз айының соңында жобаның 28 қатысушысының өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, жұмыс тобы 10 жартылай финалистті іріктеп алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер