«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан мен Қытай: жаңа бастамаларға ортақ ұмтылыс

2024 жылғы 11 Қыркүйек
3648 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Шэньси провинциясының «Чанъань» инвестициялық компаниялар тобымен кездесті.

Қытай делегациясының Астана қаласына сапары Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Сапардың мақсаты – ҚР аумағында елдің әлеуметтік-экономикалық даму жобаларын іске асыруға су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы және «жасыл» энергетика саласындағы қытайлық инвестициялық компаниялардың қатысу мүмкіндігін талқылау.

Кездесуге «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Әбдірайымов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова, Сиань қаласындағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты. Қытай делегациясының құрамында су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компаниялардың өкілдері болды.

Қытай делегациясы инвестициялық және технологиялық мүмкіндіктерді, сондай-ақ ҚР аумағында қалалық су құбырларын салу, ауыз судың қолжетімділігін арттыру және шөлді және экологиялық зардап шеккен аудандарда (карьерлер, полигондар және т.б.) көгалдандыру жолымен жерлерді қалпына келтіру жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Өз сөзінде Р. Баталов екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

 

Сонымен қатар Р. Баталов бірлескен жобаларды талқылауға әрдайым дайын екенін айтып, инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі жүйесіне тоқталды. Бизнесті дамытудың жаңа құралы – инвестициялық жобалардың интерактивті картасы нақты уақыт режимінде инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауға мүмкіндік береді. Осылайша, инвесторларға Қазақстандағы жобалар туралы, сондай-ақ бизнесті жүргізу шарттары бойынша толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірегей деректер базасы екендігін алға тартты.

ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Әбдірайымовтың айтуынша, Қытай Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып табылады. Бүгінгі кездесу сумен қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ су ресурстарының басқа да маңызды мәселелерін шешуде өзекті болып отырғанын тілге тиек етті.

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев бүгінде жердің тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жердің деградациясы мен шөлейттену мәселесі Орталық Азияда көп кездеседі. Бұл өз кезегінде судың жетіспеушілігіне және ауыл шаруашылығында пайдалануға кері әсерін тигізеді.  

Ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, сумен жабдықтау және суару, экологиялық тұрақтылықты арттыру салаларындағы жобалардың өзектілігі мен келешегі туралы сөз қозғалып, ұсынылған компаниялардың профилі мен мүмкіндіктеріне  тоқталды. Мәселен, Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер қауымдастығы заңгерлердің, консалтинг, ауыл шаруашылығын индустрияландыру, өнеркәсіп, логистика, құрылыс, қызметтердің кең спектрін ұсыну және т.б. салалардағы мамандардың коммерциялық емес әлеуметтік бірлестігі болып табылады. Сиань су компанияларының тобы ауыз суды тазарту технологияларын инвестициялауға, арнайы қондырғыларды, дренаждық жүйелерді салуға және басқаруға, тұзды және шөлді жерлерді сумен қамтамасыз етуге, ластанған су қоймаларын тазартуға және өңдеуге маманданған. Компания құбыр төсеумен, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін қалпына келтірумен, сондай-ақ суды пайдалану тиімділігін арттырумен айналысады. Q–GRASS – экологиясы нашар аумақтарда экожүйені қалпына келтіру және арнайы өсімдіктердің тұқымын өсіру технологиясын меңгерген жетекші кәсіпорын. Компания шешімдерді ғылыми тұрғыда даярлаумен және шөл және шөлейт аймақтарда фаунаны қалпына келтіруді жүзеге асырумен айналысады. Сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыруға және табиғи орман екпелерін өсіруге маманданған.

Бас консулдық келіссөздерді ұйымдастыруға, консультациялық қызметтер көрсетуге және тараптардың өзара іс-қимыл процесін сүйемелдеуге қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.

Қатысушылар сумен жабдықтау және су тазарту пилоттық жобаларын іске қосу үшін Қазақстанда Шэньси провинциясының су компаниялары филиалын ашу перспективаларын талқылады.

Шара соңында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов пен Шэньси провинциясының «Чанъань» Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Ин Чинлинь ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер