«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасының Алға аудандық филиалының қолдауымен жыл басынан бері 10 жаңа бизнес нысаны пайда болды

2024 жылғы 06 Маусым
- Ақтөбе облысы
2257 просмотров

Алға ауданындағы филиал директоры Бернияз Длимов жыл басынан бері 90 ға жуық кәсіпкер түрлі мәселелермен жүгінгенін айтты.

Солардың бірі, жас кәсіпкер Ахметов Талғат Қайратұлы. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы жөнінде Алға аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалынан кеңес алып қазіргі таңда осы бағдарлама аясында несие рәсімдеп, жылыжай саласымен айналысып жатыр.

«Орталықтың кәсіпкерлерге көрсетер көмегі зор. Бір жерде кеңес алу, кәсіпкерлік ашу және құқықтық саланы түсіндіру өте ыңғайлы. Уақытыңды да, ақшаңды да үнемдейсің. Филиал мамандарына толықтай сенім артамын» - деп, өз пікірін айта кетті.

Жас кәсіпкер Талғат Ахметов қазіргі таңда көкөніс егумен айналысады. Алға қаласы бойынша 10-ға жуық азық-түлік дүкендерімен бірлесе жұмыс жасайды. Кәсіпті кеңейту мақсатында семинар-тренингтерге қатысып, филиал тарапынан көрсетілетін тегін көмектерді қолдануда.

Алға ауданының кәсіпкерлер палатасының филиалы тегін салықтық, бухгалтерлік және заңгерлік қызметтерді, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңестерді ұсынады.

Кәсіпкерлер палатасы филиалының консультативтік көмегінің арқасында жыл басынан бері Алға  ауданында онға жуық  жаңа жеке кәсіпкерлік нысан ашылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер