«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алға ауданының кәсіпкерлері ауыл бизнесіне жеңілдікпен несие бойынша ұсыныстарын айтты

2024 жылғы 28 Мамыр
- Ақтөбе облысы
4865 просмотров

Алға ауданының кәсіпкерлерімен көшпелі кездесу өтті. Іс-шараның бастамашысы Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы болды. Ұйымдастырушылар – Алға аудандық әкімдігі және кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы. Кездесуге Ақтөбе облысы мәслихатының төрайымы Гүлкасима Сүйентаева, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асхат Айтжанов, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басқармасы басшысының орынбасары Жадан Бисенбин, аудан әкімі Нұрбол Ержанов, аудан прокуроры Нұрбек Тұрышов қатысты.

Кездесуде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, өз кәсібін мемлекеттік грант арқылы дамытып жатқан кәсіпкерлер өз өнімдері мен тауарларын, соның ішінде «Бір ауыл-бір өнім» жобасы бойынша жобаларын таныстырды. Кездесуде Өңірлік кеңестің төрағасы Асхат Айтжанов жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және облыс орталығының коммуналдық базарларында ауыл тұрғындарының өнімін сатуда қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге семинар-тренинг өтті. Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, Аграрлық несие корпорациясы, «Ақтөбе» ӘКК, «Даму» қорының өкілдері кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шарттарын таныстырды.

Кәсіпкерлер ауылда бизнес жүргізуді қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуді сұрады. Олар халықтың неғұрлым кең тобына «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға қолжетімділікті арттыру туралы айтты, кәсіпкерлер және ауылдағы екінші деңгейдегі банктердің барлығы бірдей кепіл ала бермейтінін жеткізді.

Гүлкасима Сүйентаева «Ауыл аманаты» жобасына бөлінген қаражатты мақсатты игеру қажеттігіне назар аударды, сондай-ақ кәсіпкерлердің кез келген бастамаларын қолдауға дайын екенін атап өтті.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов биыл облыстық мәслихат пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында «Бизнесті қолдаудың жол картасына» қол қойылғанын хабарлады. Сондай-ақ аудандарға бірлескен сапарлар жүргізіледі, нәтижесінде түйткілді мәселелер мен шешу жолдары бизнестің осы немесе өзге мәселесін реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу үшін бірлескен ұсынымдар әзірлеуге негіз бола алады.

Бағдарлама аясында шақырылған кәсіпкер, Ақтөбеден келген бизнес-жаттықтырушы Әнуар Төлепбай «Бизнесті басқарудағы ойлаудың тиімді әдістері» тақырыбында тренинг өткізді.

Қазіргі кезде Алға ауданында 2991 ШОБ субъектісі жұмыс істейді, соның 27,5%-ы сауда саласында, 26,5%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер