«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып Дидар Боранқұлов тағайындалды

2024 жылғы 10 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6671 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып Дидар Боранқұлов тағайындалды.

 

Боранқұлов Дидар Ержігітұлы 1985 жылы 16 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік университетін "қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы, сондай-ақ Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап ҰКП жүйесінде. Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту және әлеуметтік әріптестік бөлімінің 2-санатты сарапшысынан бастап, Ақтөбе облысы ӨКП жобаларды сүйемелдеу бөлімін басқарды, директор лауазымына тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.

Бірқатар алғыс хаттары, сондай-ақ "Атамекен" ҚР ҰКП "Ісіне адалдығы үшін" 3-і дәрежелі медалі бар.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасы Асхат Айтжановтың бастамасымен Дидар Боранқұловтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, оған жаңа лауазымда табыс тілеп, өңірдегі кәсіпкерлік ортаның дамуына және бизнес-климаттың жақсаруына ықпал ететін басты міндеттерді белгіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер