«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Антикор мен Палата Ақтөбе облысындағы бизнестің жүйелі мәселелерін шешу бойынша жұмысты күшейтеді

2023 жылғы 18 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
5212 просмотров

Өңірлік кеңестің биылғы алғашқы отырысы Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Кеңес жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Есқали Саламатов пен ӨКП директоры Дана Бекбауова қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнестегі адалдықты арттыру бойынша белсенді ынтымақтастықты жалғастыратыны жөнінде айтылды.

Жаңадан тағайындалған Департамент басшысы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметімен танысып, өңірлік кеңес отырысы барысында кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Олар жер қатынастары, медиация, кәсіпкерлерге тауарлық газды жеткізуді шектеу мәселелері, бизнес субьектілеріне субъектілерді газ тарату желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруден бас тарту, жүк тасымалдауға шетелдік рұқсат бланкілерін таратудағы кемшіліктер және т.б.

«Өңірдегі тауарлық газ мәселесі жыл сайынғы мәселе. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ беруді шектеу туралы шешімді дербес қабылдайды. Жаңа кәсіпкерлік нысандарын газ тарату желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру де тоқтатылды. Мотивация - қолданыстағы газ құбырларының өткізу қабілетінің жоқтығы. Мұның барлығы өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер етуде. Біз бұл әрекеттер бизнеске зиян келтірмейтіндей объективті болуы үшін механизмді бірлесіп әзірлеуді ұсынамыз. Тағы бір өзекті мәселе - Ақтөбе облысының жүк тасымалдаушыларына қатысты болып табылады. Олар шетелде шетелдік рұқсат бланкілерінің тапшылығына тап болды. Аумақтық инспекцияларға бланкілерді бөлу және беру бойынша олар кейбір аудандарда артығымен қалып жатса, Ақтөбе облысына аз бланкілер бөлу жағдайы анық байқалады. Осылайша, көптеген тасымалдаушыларда тоқтап қалу орын ала бастайды және бұл шығындар мен одан әрі жағымсыз салдар туындатады», - деп ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшінов мәлімдеді.

«Қазір аталған бланкілерді таратудың әкімшілік әдісі қолданылады. Егер ол коммерциялық болса, онда барлық жүйе мен мәселе жойылатын еді. Яғни, бұл бланкілер сатылатын болса деймін. Оны қажет ететіндер сатып алады», - деп толықтырды кәсіпкер, аймақтық кеңес мүшесі Сергей Трубин.

Антикордың басшысының м.у.а. аналитикалық талдау құралдары арқылы мәселелердің себептері мен заңнамалық олқылықтарды анықтау керектігін атап өтті.

«Біз жүйелі мәселелерді шешуде бірлескен жұмыстарды күшейткіміз келеді. Жылына он кәсіпкердің мәселесін қорғауға болады, бірақ оның шығу себептері мен проблемаларын түпкілікті анықтамай, оларды толықтай жою мүмкін емес. Сондықтан біздің жұмысымыз мәселені шешуді актив ретінде жазып, заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасап, жалпы бизнес үшін проблеманы алып тастайтындай етіп құрылымдау керек», – деді Есқали Саламатов.

Палата директоры Дана Бекбауова бизнесті қорғау экожүйесін қалыптастыру аясында Антикормен ағымдағы жылға бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітуді ұсынды. Бірінші басшының жеке қабылдауын, бірлескен отырыстар өткізуін және ашық есік күндерін қамтамасыз етуді атап өтті.

Өңірлік кеңес төрағасы Асхат Айтжанов кәсіпкерлерді өз Комитеттері аясында ұсыныстары мен түйткілді мәселелерінің тізімін қалыптастыруға шақырды. Кейіннен олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге жасалатын жұмыс жоспарына енгізілетіндігін айтты.

Сондай-ақ, кеңес отырысы барысында «Энергосистема» ЖШС қызметін реттеу бөлігінде НҚА өзгеріс енгізу туралы ұсыныс тыңдалды. Сұрақ қайта қарауға жіберілді.

Қорытындылай келе, кеңес мүшесі, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова облыстағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы ІӘК қызметінің нәтижелерімен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер