«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында қиыршық тас өндіретін компанияның келісімшарты бұзылды

2023 жылғы 17 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
5018 просмотров

Облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Тау Кен» ЖШС-мен келісімшартты біржақты бұзған. Мемлекеттік органның әрекетімен келіспеген серіктестік басшысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасына жүгінді.

Алмат Қалымбетов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында түйткілді мәселелер мен сұрақтар бойынша кәсіпкерлерді жеке қабылдады.

ЖШС директоры Бекболат Сембаевтың айтуынша, Басқармадан өткен жылдың шілдесінен  1 қыркүйегіне дейін бұзушылықты жою туралы хабарламалар келіп түскен. Алайда, сол жылдың тамызында мемлекеттік орган келісімшартты біржақты тәртіппен бұзған. Оған негіз і компанияның келісімшарттық міндеттемелерді орындамауы болған.

«Алдыңғы пандемия жылдарына байланысты біз кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартпен бекітілген жоспарлы өндірістік көрсеткіштерді толық көлемде орындай алмадық. Әкімдікке негіздеме хат  және жаңа келісімшарттармен расталған жұмысты жалғастыру ниетімен жүгіндік. Бірақ басқарма мәселені шешуден бас тартты. Қазіргі уақытта осы мәселе сотта қаралып жатыр. Себебі, біз мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты біржақты тәртіппен бұзу туралы әрекетінің заңсыздығы туралы сотқа талап арыз бердік», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкерлер палатасы «Тау Кен» ЖШС дәлелдерін қолдайды және сотта компанияның мүддесін қорғау үшін қатысады.

«Біз келісімшартты бұзу кәсіпорынның жұмысын тоқтатуға әкелетінін басшылыққа аламыз. Бұл жергілікті тұрғындар арасында әлеуметтік шиеленісті тудыруы мүмкін. Компания әлеуметтік жауапкершілікпен бизнес жүргізеді, мектеп пен балабақша салудан басқа, 40-қа жуық отбасы тұратын Шалқар ауданына қарасты Алабас кенті тұрғындарының тұтынылған электр энергиясы үшін коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды толығымен жабады. Біз өтінішті зерделеп, қосымша ақпарат сұрайтын боламыз», - деп түсіндірді кеңес төрағасы Алмат Қалымбетов.

Кеңес басшысының қабылдауына барлығы жеті кәсіпкер жазылды. Олар Ақтөбе қаласы әкімдігінің Астана қаласы прокурорының қадағалау актісі бойынша жер учаскесін беру туралы бұрын шығарылған шешімінің негізсіз күшін жою жөніндегі іс-әрекетіне қатысты мәселелерді қозғады; табиғи монополиялар субъектісінің сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтер үшін, сондай-ақ бизнесті ілгерілетуге жәрдем көрсету және салық салу бөлігінде консультация бергені үшін төлемақысын негізсіз асыра бағалау.

Жеке қабылдау нәтижесінде үш мәселе бойынша оларды бейбіт жолмен реттеу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында мүдделі тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізу туралы шешім қабылданды. Екі мәселе бойынша сот талқылауы шеңберінде заң көмегі көрсетілетін болады, тағы екі мәселе бойынша ӨКП сарапшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Кәсіпкерлерді жеке қабылдау кәсіпкерлерге өз проблемаларын шешуде уақтылы көмек көрсетудің тиімді құралдарының бірі. Осыған байланысты, биыл бұл жұмыс бизнесті қорғаудың экожүйесін қалыптастыру шеңберінде тұрақты негізде жалғастырылатын болады. Алдағы жұмада кеңес төрағасының қабылдауы Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Сайлау Дәулетовпен бірлесіп экология саласындағы мәселелер, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды реттеу органдарында тексерулер жүргізу және рұқсат құжаттарын алу бөлігінде өтеді», - деп толықтырды ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшінов.

Кәсіпкерлерді қабылдау 2023 жылы 20 қаңтарда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін (ж.у.)  Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында өтеді. Мекенжайы: «Қазына» БО, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, Байланыс нөмірлері: +7 (7132) 744-602, 744-606, 744-608.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер