«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе алып жатыр

2021 жылғы 01 Шілде
- Ақтөбе облысы
8428 просмотров

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналауға қатысып жатыр. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өтініші бойынша №5 қалалық емхананың дәрігерлері тура кеңседе көшпелі екпе пунктін ұйымдастырды. Бір жұмыс күні ішінде қызметкерлер вакцина салдыра алады.

Вакциналау кампаниясына қатысуға түрткі болған себептері және екпеден кейінгі өз хал-жағдайы туралы ақпаратпен қызметкерлер іс-шараға келген журналистермен бөлісті.

«Біз баршамыз вакцияналау мүмкіндігі жайында ақпарат алдық, COVID-19-ға қарсы екпе салдыра бастадық. Әрине, терапевт, емдеуші дәрігердің ұсынымдарын ескере отырып, әркім екпе салу және салмау туралы ерікті түрде шешім қабылдайды. Менің әріптестірм мен таныстарымның үлгісінде вакцина қауіпсіз әрі жеңіл сіңімді екенін көрсетеді. Менің ойымша, вакцина салу қажет. Өз басым вакцина салдырдым», – деді ӨКП қызметкері Руслан Күйшінов.

 «Тұрғындарды жаппай вакциналау науқанына қосылып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға шақырамыз. Бұл коронавирус пандемиясына қарсы төтеп берудің жалғыз жолы және қалыпты өмір ырғағына оралудың кепілі», – дейді палата қызметкерлері.

«Мұндай арнайы мекемелерден тыс ұйымдар осындай вакциналау шараларын ұйымдастырғаны өте маңызды. Осылайша, халықтың кең ауқымы қамтылып, коронавируспен күрес мүмкіндігі еселенеді. Көшпелі іс-шаралар кезінде біз вакцинаны сақтауға және тасымалдауға қойылатын барлық санитарлық талаптарды сақтадық. Екпе материалы арнайы контейнерлермен тасымалданады», – деді №5 қалалық емхана бөлімінің меңгерушісі Гүлайна Изимова.

Royal бильярд клубының жетекшісі, кәсіпкер Эка Казарова вакциналау – «ситуацияны бақылауға алуға» көмектесетін қадам деп санайды.

 Осыған дейін біз екпе алуға қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерден бөлек Клубтың басшылығы мен ұжымы профиликатикалық вакциналауға қатысу туралы ниетін әлеуметтік желілерде жарияладық. Барлығы жұмыс орнында қызметтен қол үзбей ұйымдастырылды. Нысанда Ақтөбе қаласының №3 емханасының дәрігерлері жұмыс істеді.

 «Компанияда біз қызметкерлердің вакцина қабылдауына ерекше көңіл бөліп, вакцина салдырған қызметкерлер санының артуына барынша ат салысып жатырмыз. Вакцина арқылы денсаулыққа төнген қатерлер азайып, сондай-ақ қызметіміздің жаңаруына және бизнестің үздіксіз процесін сақтауға ықпал етеді деп сенемін. Өмір әдеттегі арнаға оралып келеді. Өткен жылғы толқынның қайталануына жол бермеуіміз керек», – деді бильярд клубының жетекшісі.

#өзіңдікорға #жақсыңақорғанбол #защитисебя #защитиблизких #ақтөбеоблысыкәсіпкерлерпалатасы

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер