«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Газбен жабдықтау ұйымы Ақтөбе облысының кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасайды

2021 жылғы 31 Наурыз
- Ақтөбе облысы
4911 просмотров

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасына Мұғалжар ауданының жеке кәсіпкері Наурызбек Сарбасов "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы қызметкерлерінің іс-әрекетіне өтінішпен жүгінді. Мәселе Облыстық прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің мүшелерінің бірлескен отырысының талқылауына шығарылды.

Кәсіпкердің өтінішіне сәйкес, жыл сайынғы жылыту маусымы басталар алдында объектілерге газ беруге келісім алу үшін "ҚазТрансГазАймақ" АҚ АӨФ қызметкерлері заңда көзделмеген мынадай құжаттарды кәсіпкерлерден сұратады:

- Өлшеу аспаптарын (Газдану сигнализаторларын) мемлекеттік тексеруден өткені туралы сертификаттар);

- Газ қондырғыларының паспорты;

- Жылыту маусымы басталар алдында объектілерге газ беруге жыл сайынғы келісім алу үшін аварияларды оқшаулау және жою бойынша өзара іс-қимыл жоспарлары.

Осыған байланысты, Кәсіпкерлер Палатасы Мұғалжар ауданының прокуратурасымен бірлесіп жыл сайынғы негізсіз талаптар мен кәсіпкерлік субъектілерінен газдандыруға рұқсат беру құжаттарын ұсынудағы сұраныстарға талдау жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша "ҚазТрансГазАймақ" АӨФ іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген құжаттарға газ беру кезінде жыл сайынғы жылыту маусымы алдындағы талаптар бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Мұғалжар аудандық прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жіберді.

2021 жылдың 27 қаңтарында Департамент "ҚазТрансГазАймақ" АҚ АФ атына нарық субъектілерінің әрекеттерінде ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды.

Атап айтқанда, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының деректері бойынша Мұғалжар ауданында коммуналдық-тұрмыстық газ тұтынушылардың 351 объектісі тіркелген, олар жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

"ҚТГА" АҚ филиалының құжаттарды ұсыну туралы талаптары 2019 жылғы 29 тамыздағы хабарлама-хаттарда баяндалған (барлық тұтынушылар үшін бірыңғай үлгі). "ҚТГА" АҚ Ақтөбе облысының географиялық шекарасында тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылады, үлесі 100%.

Мәлімет үшін: ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тиісті тауар нарығына қол жеткізуді шектеуге, бәсекелестікті болғызбауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) нарық субъектісінің немесе тұтынушылардың айқындалмаған тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың 272-тармағына сәйкес меншік иесі немесе пайдаланушы ұйым маусымдық жұмыс істейтін қондырғыларды, оның ішінде жылыту қазандықтарын жұмысқа қосқанға дейін мыналарды жүргізеді:

- Еңбекті қорғау және талаптар мәселелері бойынша қызмет көрсету персоналының білімін тексеру және нұсқама беру;

- Газ жабдықтарын және автоматтандыру жүйесін ағымдағы жөндеу;

- Газ құбырларын тазарту, олардың жарамдылығын, сондай-ақ желдету жүйелерін тексеру;

- Акт ресімдей отырып, түтіндіктер мен желдету арналарын тексеру.

- Бітеуішті алуға және газды іске қосуға көрсетілген жұмыстардың орындалғанын растайтын құжаттар болған кезде ғана жол беріледі.

Жоғарыда айтылғандардан негізінде, нормативтік-құқықтық актіде жылыту кезеңінде газ беру кезінде ұсынылатын құжаттардың толық тізбесі көрсетілген. Бұл ретте, газды есепке алу аспаптарының, газ сигнализаторларының мемлекеттік тексеруден өткені туралы сертификаттардың көшірмелері және газ жабдығы паспорттарының көшірмелері ұсынылған жағдайда, "ҚТГА" филиалын хабардар ету талаптарының бірі жылу беру маусымы басталғанға дейін объектілерге газ беру болып табылады.

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағына сәйкес осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары олардың типі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестаттаудан және айналысқа шығарылар алдында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдалану кезеңінде тексеріледі.

"Бұдан келіп шығатыны, өлшеу құралдары тексеруге жатады, бірақ заңнамада өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеруден өткені туралы сертификаттардың көшірмелерін қызмет көрсетушілерге беру көзделмеген. Сондай-ақ заңнамада жыл сайын жылыту маусымы алдында газ жабдығы паспорттарының және газбен жабдықтаушы ұйымның атына аварияларды жою жоспарының көшірмелерін ұсыну көзделмеген. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, "ҚазТрансГазАймақ" филиалы жылыту маусымы басталар алдында кәсіпкерлерге қысым көрсететін объектілерге газ беру үшін жоғарыда аталған шарттардың құжаттарын ұсынуды негізсіз талап етті", - деп атап өтті ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Куйшинов.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті, атап айтқанда:

- нарық субъектілерінің немесе тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарына қысым жасауды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен шарттарында көзделмеген құжаттарды талап  етуін тоқтатылсын.

«Әрине, газдандыру мәселесі өте ұқыптылықты қажет етеді. Оны жақсы түсінеміз. Бірақ жыл сайын негізсіз сұралатын құжаттарды алып тастау қажет деген ұсыныс айтып жүгінген болатынмын. Нәтижесінде аталған құжаттарды жыл сайын талап етпейтін болды. Әрбір кәсіпкердің өтініші мен шағымын жеке қарап, құқықтарының қорғалуы жолында еңбек етіп жүрген Палата қызметкерлеріне рақметімді айтамын, — деген жеке кәсіпкер Наурызбек Сарбасов алдағы уақытта барлық құжаттарды электронды нұсқада тапсыруға мүмкіндік қарастырылуын сұрады. — Мысалы, мен Ембі қаласында тұрамын. Ал аудан орталығы – Қандыағаш қаласы. Біз барлық құжаттарды жіберу үшін аудан орталығына келу керекпіз. Осы мәселені электронды түрде жіберу мүмкіндігі қарастырылса, кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы болар еді», — деп өз өтінішін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер