«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен кәсіпкерлердің 200-ден астам жобасы мақұлданды

2021 жылғы 06 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
5929 просмотров

 Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» салаларды дамыту шеңберінде басымдыққа ие жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы  2019 жылы іске қосылды. Үкімет басшысының тапсырмасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бағдарламаны ілгерілету бойынша жобалық кеңселер ашылды

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанованың ақпараты бойынша Өңірлік жобалық кеңсе жалпы сомасы 54,1 млрд теңгеге 216 жоба бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Соның ішінде 51,7 млрд теңгеге 205 жоба мақұлданды, соның ішінде көктемгі дала жұмыстарына – 631 млн теңгеге 9 жоба мақұлданған.

 Қаржы институттарында 1,7 млрд теңгеге 8 жоба қарауда жатыр, бизнес-жоспарды әзірлеу сатысында 0,5 млрд теңге сомасына 3 жоба (несиені құрылымдау, қаржылық модельді есептеу, өтімді қамтамасыз етуді іздеу және т.б.) бар.

Мақұлданған жобалардың көп бөлігі агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі –11,7 млрд теңге несиеге 168 жоба, тамақ өнеркәсібі – 12 жоба (34,9 млрд теңге), құрылыс индустриясы – 10 жоба (1,2 млрд теңге), білім беру – 5 жоба (1,4 млрд теңге) және басқалары.

Мысалға «Қарапайым заттар экономикасы» аясында өңірлік палата қағаз сүлгілерді өндіру бойынша startup-жобаға сүйеселдеу жүргізді.

 «Нұрбанк» АҚ жергілікті филиалында көпбалалы ана Жаңылай Ыбыраева жеңілдікпен несие алды.

Субсидиялау мүмкіндігі бар жабдықты сатып алуға 60 ай мерзімге бес миллион теңге берілді: клиентке 9%-ды мемлекет қаржы институты арқылы субсидиялайды, ал 6%-ын клиент өзі төлейді. Сонымен бірге, кәсіпкер жеңілдікті кезеңді қолдаңбай, төлемдерді өтеуді дереу бастады.

Бүгінгі күні ЖК шеберханасы күнделікті Qagaz.kz сауда маркасымен екі орамның екі түрлі 600 орам қағаз салфетка шығарады. Жалпы, бұл жоба стартап шағын өндіріс болып табылады, бұл нарық конъюнктурасы қатты өзгерген жағдайда қайта профильдеу мүмкіндігі беріледі.  

 Ақтөбе облысында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 60,8 мың бірлікті құрайды, олардың 69 пайызы  жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер