«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

#Жақсылықжаршысы: Ақтөбе дәрігерлеріне кәсіпкерлер шай жиынтықтарын жеткізді

2020 жылғы 01 Тамыз
- Ақтөбе облысы
4545 просмотров

Осылайша акцияға қатысушылар пандемия кезеңінде дәрігерлердің еңбегіне алғыс білдіруде

Ақтөбе медициналық орталығының провизорлық стационары қызметкерлеріне «Лаванда» кондитерлік цехы-кофеханасы бәліштер мен шай жиынтықтарын әкелді.

31 тамызда олар ашылған күннен бастап бір жылдығын атап өтті. Осы датаның құрметіне шағын бизнестің иесі Динара Қасымова өзгелерге сыйлық тартуды жөн көрді, өйткені бұл күн Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келді. Таңдау медициналық орталыққа түсті.

Бір күн бұрын кәсіпкер әлеуметтік желілерде Кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлердің оттегі концентраторларын мекемеге қалай өткізетіні туралы мақаланы оқыды. Динара Қасымова «Атамекен» өкіліне байланысқа шығып, «Жақсылық жаршысы» акциясына атсалысқысы келетінін айтты.

 «Бүгінде ұжымымызбен майданда жүрген дәрігерлерге қолдау білдірмекпіз. Сыйлығымыз кішігірім болса да дәрігерлерге осылайша рахмет айтқымыз келді. Дәрігерлер тәулік бойғы режимде қиын жағдайда еңбектенуде. Мың алғыс айтамыз», – деді кондитерліктің иесі.

 Шағын кофехана «Батыс-2» ықшам ауданында орналасқан. Өнімдер ассортиментінде круассандар, булочкалар, самса, бәліштер, балкүлшелер ұсынылған. Кәсіпорынның әлеуметтік желілерде @lavanda_bakery_aktobe парақшасы бар. Тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне қарамастан Динара Қасымова қызметкерлерді таратпады, жұмыс орындары барынша сақталды. Кәсіпорынның бір сауда нүктесі ғана уақытша жабылды. Ал қайырымдылық шаралары тұрақты өткізілетін болады.

Пандемияның алғашқы күндерінен бастап Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесі де қалалық аурухана қызметкерлеріне қолдау көрсетіп келеді.

Осы жолы  Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова Теміржол ауруханасы, Ақтөбе медициналық орталығы, Жедел жәрдем ауруханасы, КДП-3, КДП-4 және жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне тәттілер әкелді.

  «Біз дәрігерлер, фельдшер, медицина саласының қызметкерлеріне алғыс білдіруіміз керек. Олар осындай қиын кезеңде алдыңғы сапта еңбек етіп жатыр. Бұл психологиялық тұрғыда өте қиын: адамдар отбасы, бала-шағаға қарамастан, жанды шүберекке түйіп, күнделікті жұмысқа барады. Дәрігерлер тәуекелдікті біле тура жұмыстарын жалғастыруда. Бұл батырлық. Дәрігерлер кәсіби қызметтен бөлек әр науқасқа психологиялық көмек береді. Көп науқастың үрейі басым, оларды моральдық тұрғыда қолдау керек», – деді Күлпаршын Айдарханова.

 Еске салсақ, «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі өткен аптада Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Жақсылық жаршысы» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Оның мақсаты қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелерге қажетті жабдық жинау.

«Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті мұқтаж жандар, медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

Көмек беру үшін atamekenim.kz сайтына өту керек.

Мына сілтемені басу арқылы («Мен көмектескім келеді» түймесін басыңыз) компьютер немесе смартфон арқылы, сондай-ақ келесі реквизиттер бойынша банк арқылы қаражат аударуға болады:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZKA

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер