«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік рестораторлар жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрайды

2020 жылғы 03 Маусым
- Ақтөбе облысы
4390 просмотров

Бизнес иелері өңірде мейрамханаларды ашуға қатысты мәселе анық емес екенін айтып отыр. Кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсат берілсе, барлық санитарлық нормаларды қатаң ұстануға дайын екендерін айтты, өйткені көбі банкроттың аз-ақ алдында қалған

 Елдегі рестораторлардың, соның ішінде ақтөбелік кәсіпкерлердің  көбі екі апта бойы дабыл қағуда. Бұл көмек сұрау өтініші. Осы саладағы субъектілердің басым бөлігі бизнес жүргізуге еш мүміндігі қалмаған. Рестораторлардың басым бөлігі алаңдарды жалға алады – бұл негізгі мәселе. Бизнестің тиімділігі онсыз да үлкен емес. Ал мұндай шығындар коронавирусқа қатысты кәсіпорындардың жаппай банкроттығына әкеп соғады.

 «Біз жәрмеңкелер, құрылыс дүкендері және сұлулық салондарынан қандай кемшілігіміз барын түсінбейміз. Барлық қажетті шектеу шараларын, сондай-ақ зарарсыздандырудың барлық талаптарын сақтауға дайынбыз», – дейді бір ауыздан рестораторлар.

 Алайда облыстың бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаев өңірде эпидемиологиялық ситуация тұрақтанғанша рестораторлардан бір-екі апта күте тұруды сұрайды.

 Бұл туралы бас дәрігер аймақтық коммуникациялар қызметінде мейрамхана бизнесінің өкілдерімен  өткен кездесу барысында айтты. Кездесуге кәсіпкерлік басқарманың бастығы, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры және Ақтөбедегі рестораторлардың тікелей белсенділері қатысты.

 «Еске салсам, облысымызда COVID-19 вирусының алғашқы жағдайы 22 наурызда тіркелді. 3 маусымға сәйкес облыста 363 жағдай тіркелген. Егер осыған дейін күніне 8-10 жағдай тіркеліп отырса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш тәулігіне 18-ге дейін артты. 18 мамырдан бастап мен қаулы шығарып, қоғамдық тамақтану орындарына жалпы саны  30 орыннан артық емес көлемде сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал 27 мамарыдан бастап тамақтану орындарына бір мезгілде 50 адамға дейін кіруге рұқсат берілді. Тойлар мен банкеттерге әзірге тыйым салынған», – деп атап өтті Нұрсұлу Беркімбаева.

Мейрамхана бизнесінің өкілдері болса толық жұмыс істеуді 28 мамырдан бастап күткенін айта кеткен жөн.

Рестораторлар көтерген мәселелер салық, несие төлеуді, сондай-ақ коммуналдық төлемдерді шегеруге қатысты. Рестораторлардың басым бөлігі тапсырыс берушіден алдын ала алған қаражатпен жұмыс істейді, кейбір алдын ала төлемдер қыс мезгілінде алынып қойған. Ал бұл қаражатты қазіргі кезде қайтару мүмкін болмай отыр.

 «Біз орын алған ситуацияға қала және облыс басшылығы кінәлі емес екенін жақсы түсінеміз. Дегенмен қазір табыс емес бастысы, кейбір әріптестеріміз бизнесін жоғалтқалы отырған халде. Мүмкін бұл жағдайдан шығудың басқа жолдарын қарау керек шығар? Бізге екінші деңгейлі банктер маза бермеуде, өйткені төлемдерді шегеру мерзімі таяп қалды. Егер төлемдерді өтемесек, онда шоттарымыз бұғатталады. Көбі жалға алушыларға тәуелді. Ал жалға алушылардың банк және коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары алдында міндеттемелері бар», – деді ресторатор Қалауша Садықова.  

 Рестораторлар минибанкет жасауға рұқсат беруді өтінді, ал облыстағы бас санитарлық дәрігер мұндай рұқсат берілмейтінін айтты:

«Мұндайға рұқсат бере алмаймын. Сәйкес құжаттар мен ережелер бар. Егер адамдар қоғамдық тамақтануға ас ішуге келгені – басқа, ал банкетте әлеуметтік қашықтық қалай қорғалмақ? Мұны ешкім бақыламайды. Сәл күте тұрайық».

 «Қазір мейрамхана саласында негізгі маусым басталды. Шектеу шаралары салдарынан мүмкіндік қолданылмай отыр. Қызмет көрсетуші персонал – аспаздар, даяшылар және басқалар тұрақты табысы жоқ. Өткен бейсенбіде осы азаматтар 42 500 теңгені алу бойынша мәселе көтерген. Бүгін мемлекеттік орган қызметкерлері келді, әлеуметтік жәрдемақы ала алмағандарға түсіндіріп өтеді», – деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Нұрхан Тілеумұратов.  

Кездесу соңында несиелер, салықтар және коммуналдық төлемдер мерзімін ұзарту туралы сөз қозғаған Кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова бұл мәселелер ҰКП-да қаралатынын атап өтті.

 «Сәйкес ұсыныстар жіберілді. Соның ішінде төлемдер бойынше кейінге шегеру мерзімін тағы үш айға ұзарту ұсынысы да Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберілді», – деді ӨКП басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер