«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде «Атамекен қабылдауы» атты арнайы кабинет ашылды

2020 жылғы 25 Мамыр
- Ақтөбе облысы
3858 просмотров

«Атамекен қабылдауы» атты арнайы кабинеті Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында орналасқан.

 Кабинет «Атамекен» ӨКП мүшелерінің және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің қабылдауын өткізуге арналған.

Келісілген кесте бойынша кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мен бизнес- омбудсменнің өңірлік өкілдері кезекшілік етіп, консультативтік көмек көрсететін болады.

Мұндай формат дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтауға және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ықпал ететін болады.

Осылайша, заңды тұлғалар, атап айтқанда бизнес субъектілері мен мемлекеттік органдар кез келген даулы мәселелер бойынша қабылдау жүргізетін сарапшылардың көмегіне жүгіне алады және соттан тыс даулы жағдайларды шеше алады.

«Кабинет әрбір кәсіпкер мен заңды тұлға өкіліне дәл осы жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, бизнес саласындағы дауды реттеуге мүмкіндік береді», –  деді Ақтөбе облысының МАЭС төрағасы Айбек Дәуренбеков.

«Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы  және ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесіп сотқа дейінгі реттеу бойынша бірлескен жұмыс аясында осындай кабинеттерді ашуға бастамашылық жасады, өйткені бизнес субъектілері арасындағы даулар бойынша талап арыздардың өсетінің түсінеміз. МАЭС кабинеттің негізгі функциясы кәсіпкерлік субъектілеріне және мемлекеттік органдарының өкілдеріне консультациялық-құқықтық көмек көрсету бойынша бейбіт дауларды реттеу аяқталуы және оның аясында медиация қызметін көрсету болып табылады. Бизнес-омбудсмен өңірлік секторларының офисі өкілдері кезекшілік режимінде аптасына 2-3 күн жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, бизнес-омбудсменнің аймақтық кеңсесінен алыстан кезекшілік қызмет көрсету мәселесін пысықтауға болады», – деп атап өтті Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшінов.

«Атамекен қабылдауы» кабинеті МАЭС ғимаратында орналасқан. Кезекшілік кестесі әлеуметтік желілерде және ресми сайттарда жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер