«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

 «Бизнес-Кеңесші» форматын өзгертті

2020 жылғы 06 Ақпан
- Ақтөбе облысы
6924 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-Кеңесші» курсы аясында осы жылдың алғашқы тобы оқып шықты. Кәсіпкерлік негіздері курсы жаңа форматта өтті. Осы жылдан бастап оқу мерзімі мен қатысушылар категориясы өзгерді

 «Бизнес-Кеңесші» курсына Дәмеш Ізтілеуова жеке кәсіп ашуда теориялық білімді жинақтау, кәсіпкерлермен танысу және жеке бизнес-жоспарды әзірлеу үшін жазылған. Алға ауданынң тұрғыны медицина қызметкері. Зейнетке шығуға бірнеше жыл қалған.

 «Қызым – фармацевт. Отбасылық ақылдасуда жеке бизнеспен айналысуды шештік. Туған ауылымзда дәріхана ашуды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік қолдау шараларынсыз және сәйкес білімсіз бұл істі орындау қиын болады. Ал осы жерде «Атамекен» палатасы тегін оқу және дәріхана ісін ұйымдастыруда кеңес берді», – деді  Дәмеш Ізтілеуова.

Осы жылдың бірінші тобында Ақтөбе қаласы мен облыстың 47 тұрғыны оқып жатыр. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жалданбалы жұмысшылар, келісімшартпен жұмыс істеушілер, сондай-ақ жұмыс өтілі 3 жылдан аспайтын кәсіпкерлер.

 «Осы жылы бірқатар өзгерістер енгізілді. Қысқа мерзімді курстарға зейнеткерлер, жұмыссыздар мен студенттер қатыса алады. Сонымен қатар оқу күндерінің саны да өзгерді. Егер осыған дейін оқу екі күнге жалғасса, қазір 10 оқу күнін құрайды. Оқу курсы тегін жүргізіледі. Он күн ішінде тренинг қатысушылары бизнес-жоспар құруды, ақпараттық ресурстарды қолдануды үйренеді, салық режимдерінің түйткілдері туралы біледі, бизнесті мемлекеттік қолдаудың құралдарымен танысады, маркетинг пен персоналды басқарудың негіздерін тереңірек және кеңірек меңгереді», – дейді ӨКП тренері Нұргүл Аханова.

 Курсқа қатысушылар дәрістерді тыңдап, практика жүзінде салық есептеу, маркетингтік талдау, тәуекелдерді бағалау және басқа да тиімді ақпаратты меңгереді. Қатысушылар жеке және топтасып жұмыс істейді. Болашақ кәсіпкерлер жеке бизнесті дамыту кезеңіне жетті, кейін ынтымақтастық құруға болатын кәсіпкерлермен танысуға мүмкіндіктері бар. Бұдан бөлек, тренермен тығыз байланыста болады: сұрақтар қояды, әлеуметтік зерттеулерге қатысады.

«Біз бизнесті қолдауды бүкіл облыста, соның ішінде шалғай аудандарда көрсетеміз. Өйткені бастауыш кәсіпкер үшін – кез келген қолдау маңызды, кәсіпкер білім мен дағдылар түрінде қажетті көмекті жылдам алуы керек, оқу курсы осыны қамтамасыз етеді. Сондықтан қысқа мерзімді оқыту облыс аудандарында да өтеді», – деді тренер.

 «Бизнес-Кеңесші» курсы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары» төртінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын «Бизнес мектеп» құрауышының оқу жобасының бірі болып табылады. Оқу аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар беріледі. «Бизнес-Кеңесшінің» түлектері өз жобаларымен микронесиелеу немесе мемлекеттік грант алуға мүмкіндіктері бар. Жеке кәсіп ашқан соң келесі компонент «Бизнес-Өсу» курсымен білімдерін жетілдіре алады.

 2019 жылы «Бизнес-Кеңесші» құрауышы бойынша облыста 1 069  адам оқып шықты, соның ішінде 406 ШОК субъектісі бар. Сонымен қатар 160 адам жеке кәсіп ашты.

 «Бизнес-Кеңесші» курсын өткізу кестесімен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сайтынан танысуға болады. Анықтама телефоны: +7 (7132) 744-615.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер