«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде мүгедектерге жеке бизнесті жүргізу жолдары үйретіледі

2020 жылғы 08 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6471 просмотров

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорымен және кәсіпкерлік басқармасымен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдарға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру семинарын өткізіді. Осы жылы алғашқа семминар «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау» қоғамдық ұйымының өкілдері үшін  өтті

Семинарға қатысушылар мамандардан консультациялық және ақпараттық қолдау алды, сондай-ақ мамандар олар алатын кәсіпті анықтауға көмектесті.

«Сонымен қатар, біз оларда пайда болған нақты мәселелерді шешуде көмек көрсете отырып, жобаларды сүйемелдеуге дайынбыз. Біздің басты міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі адамдарға мүгедектік – бизнесте өзін-өзі жетілдіруден бас тартуға себеп емес екенін дәлелдеу. Еңбекке қабілетті мүгедектерді кәсіпкерлік қызметке барынша тарту мақсатында «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының гранттар бөлуді және микрокредиттер беруді көздейді. Кәсіпкерлер Палатасы мүгедектігі бар адамдардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға үйретуге және олардың бизнесін идеялардан іске асыруға мүмкіндік беруге дайын. Біз «Бизнес Кеңесші» Бизнес-Мектебі аясында қысқа мерзімді оқыту курстарын да, сондай-ақ бүгінгі күні танымал айлық оқыту «Бастау» жобасын да ұсынамыз», – деді Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Диана Жұмабаева.

Оқыту тегін. Осы бағдарламалардың түлектері бизнес-идеяларын сәтті қорғағаннан кейін бизнесті дамытуға грант түрінде өтеусіз қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.

«Мүгедектік-бизнесті құруға кедергі емес. Мемлекет ерекше адамдарға өз бизнесін ашуға мүмкіндік беретін бірқатар бағдарламалар әзірледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмысқа орналасу мәселесі өте қиын. Жеке бизнес-өзін-өзі дамытудың жақсы мүмкіндігі. Біздің оқу курстарында бизнес-тренерлер өз ісін барынша аз қаржыландырумен қалай ашуға болатынын, қандай бизнес түрлері сұранысқа ие екенін айтып береді. Кәсіпкерлікті оқыту курстарына қатысуға өтінімдер Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады», – деп хабарлады семинарға қатысушыларға.

Сондай-ақ, семинар аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері қатысушылармен кәсіпкерлік психологиясы, өз ісін ашу және тіркеу, бизнес-жоспарды қалай құру, кәсіпкерлік қызметті қандай заңдар регламенттейді және нарықтық мүмкіндіктерді талдау деген не екенін айтты.

Семинар соңында қатысушылар жеке кеңестер алды.

«Мұндай семинарлар біз үшін өте маңызды, өйткені біз бизнесті жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары туралы тікелей мамандардан біле аламыз. Мүгедектер арасында осындай курстарға барғаннан кейін мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы болып, өз ісін ашқандар бар екен. Біз де өз мақсаттарына қол жеткізіп, бизнес-жобаларымызды жүзеге асырамыз деп үміттенеміз», – деді семинар тыңдаушылары.

Семинар барысында өз кәсібін бастаған мүгедектердің өзекті мәселелері де айтылды. Келесі семинар екінші деңгейдегі банк өкілдерін шақыра отырып, кеңейтілген құрамда өткізілмек.

Айта кетейік, 2019 жылы «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобалары аясында еңбекке жарамды 106 мүгедек адам оқыды. Олардың 25-і жалпы сомасы 23 млн 105 мың теңге көлемінде қаржыландырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер