«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік кәсіпкерлер ІІ Еуразиялық DIGITAL-конференциясына қатысып жатыр

2019 жылғы 02 Қазан
- Ақтөбе облысы
5857 просмотров

Кәсіпкерлерге пайдалы білім мен машықтардың кезекті легін Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды

Өңірде жұмыс істейтін кәсіпкерлер, сонымен қатар «Жас кәсіпкер» жобасының түлектерінен құрылған ауқымды делегация Ресейдің Орынбор қаласында өтіп жатқан ІІ Еуразиялық DIGITAL-конференциясы жұмысына қатысуда. Ақтөбелік топты «Атамекен» палатасының сарапшысы Владимир Сухорученко бастап барды, ол іс-шара ұйымдастырушыларына сәлем жолдап, Қазақстан және Ресейдің шекаралық ынтымақтастығының маңызын атап өтті.

 «Шекара маңында шағын бизнестің халықаралық ынтымақтастыққа екі өңір арасындағы өзара әрекеттесу туралы меморандум арқылы қол жеткізілді. Бүгінгі іс-шара екі облыстың бизнес өкілдерінің кездесуі және пікір алмасуының жақсы алаңы. Нәтижесінде жаңа серіктестік қатынастар орын алуы мүмкін», – деді ол.

Конференцияны «Опора России» шағын және орта кәсіпкерліктің бүкілресейлік қоғамдық ұйымының Орынбор өңірлік бөлімі ұйымдастырды. Бұл Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сенімді серіктесі. Сонымен қатар Кәсіпкерлікті қолдау орталығы және Орынбор облысының экономикалық дамуы, өнеркәсіп саясаты және сауда министрлігі іс-шараның ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты.

 Конференция барысындағы негізгі тақырыптардың арасында – интернетте ілгерілету, интернет-маркетинг, SEO, UX, әлеуметтік желілер, интернет-дүкендер, комьюнити, контексті жарнама және т.б. талқыланды.

 Онференция Қазақстан және Ресейден мыңнан астам қатысушыны жинады. Мәскеу, Санк-Петербург, Екатеринбург, Самара, Оренбургтен келген үздік 30 спикер өз үлгілерінде бизнесте цифрлық маркетингтік технологияларды қалай жылдам және сауатты енгізу, тұтынушыларды тарту шығындарын азайту және Интернеттен тапсырыстың толассыз ағынын жасау туралы айтады. Офлайн-дүкендер иелеріне және коммерциялық директорларға желіде сауданы іске қоқандағы қателіктерді қалай анйланып өтуге болатыны жайлы ақпарат беріледі.

«Конференциямызға жетекші спикерлерді, интернет-ілгерілету, аналитика, интернет арқылы бизнесті басқару жайында барлығын білетін адамдарды шақырдық.   Конференцияда таныстырылатын жобалар – спикерлердің өздері тапқан идеялары, жобалары, ной-хау, олар тыңдаушыларға барлығын егжей-тегжейлі айтып беруге дайын», – деді іс-шара ұйымдастырушыларының бірі  

Конференциямен қатар компаниялардың иелері, маркетологтар, онлайн және офлайн дүкендердің иелері, коммерциялық директорлар, digital-агенттіктердің көрмелері өтуде. Бұдан бөлек, байланыстар биржасы, нетворкинг және практикалық шеберлік сабақтары өтіп жатыр.

 Спикер ретінде ArtLab Халықаралық көркем галерея жетекішісі, Ақтөбе Кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Марина Деркач «Бизнестегі мәдениет рөлі» атты тақырыппен баяндама жасайды.

 «Біз Еуразиялық конференцияға екінші рет қатысып жатырмыз. Кәсіпкерлер палатасына сапарды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Өткен жолы бірнеше меморандумдар және келісімдерге қол қойылған болатын. Енді биыл жаңа жобалар, спикерлерді байқап отырмыз. Қазірдің өзінде кәсіпкерлер көптеген пайдалы лайфхактарды алып үлгерді. Бірнеше бизнес-кейсті ақтөбелік кәсіпкерлер жіктеді. Бізді қызықтыратын бизнес кейстер, бағыттар бар», – деді Марина Деркач.

Орынборда Еуразиялық DIGITAL-конференциясы екі күн бойы жалғасады. Осы уақыт ішінде қатысушылар 30 спикерді тыңдайды, алған теорияны 10 шеберлік сабағында бекітіп алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер