«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жас кәсіпкер» түлегі дәнекерлеу бизнесін қолға алады

2019 жылғы 12 Тамыз
- Ақтөбе облысы
6399 просмотров

Бизнес жоба сарапшылық комиссия алдынан өтті. Өз бизнес-идеяларын «Жас кәсіпкер» жобасы бірінші легінің 300-ден астам түлегі таныстырды

«Жас кәсіпкер» жобасы бірінші легінің басталауынан кейін бір ай өтті, түлектер бизнес-жобаларын жазып, қорғауға дайын. Жобалар комиссия алдына ұсынылды. Комиссия құрамында Ауыл шаруашылығының ауылдық басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімі, Аграрлық несие корпорациясы филиалдары, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар.

Ақтөбе қаласы және облыста бірінші лекте 655 адам қатысты, бірақ жобаның финалына дейін 595 адам жетті. Соның ішінде 305 адам өздерінің қорытынды жұмыстарын қорғай алды.

 Әр қатысушыға өз бизнес-идеясы, бизнес-жоспарының тиімділігі туралы комиссия алдында айтуға мүмкіндік жасалды.

Жобалар сан алуан: агроөнеркәсіп кешені, қызмет көрсету, өндірісі және т.б.

 Мәселен, 29 жасар Самал Серікбаева 3D-тұсқағаздарды шығаруда күшін сынап көрмек. Келіншек үш баланы тәрбиелеп отыр. Арнайы мамандығы жоқ. Алайда, үйде отырып бірнеше жыл бойы 3D-картиналарын тастардан әзірлейді.

«Сонымен қатар тапсырысқа кілемдерді де қолмен тоқимын, ою-өрнекпен камзол тігемін. Жобада оқу кезінде 3D-фототұсқағаздарды, керме төбелерге, жиһаз және төсек тыстарына өрнек салуға ынта туды. Грант алу байқауына қатысып, кең форматты баспаға принтер, бояу және басқа да жабдықтарды алғым келеді», – деді стартапер.

Тағы бір декреттегі ана 26 жасар Әсемгүл Оразбаева нәзік емес кәсіпті таңдады. Оның идеясы дәнекерлеу бизнеспен айналысу. Мамандығы бойынша бухгалтер әзірге жолдасына көмектесуге дайын. Жолдасы дәнекерлеу жұмыстарымен кәсіби түрде айналысады.

 «Менің идеям отбасылық бизнесті дамытумен байланысты. Біз Ақтөбенің шетінде тұрамыз, бәсекелестік төмен, тіпті жоқ десе де болады. Біреуге жалданып жұмыс істеуден гөрі неге жеке бизнес ашпасқа? Тапсырыстар өте көп – автодәнекерлеу, терезеге тор, қақпалар, контейнерлер және т.б. «Жас кәсіпкер» жобасында бизнес-тренер жобамды қолдады, оны дамытуға көмектесті. Дәнекерлеу жабдығын алу үшін грант алу байқауына қатысамын», – деді Әсемгүл Оразбаева.  

 Ал 24 жасар жігіт экологиялық бизнес – ПЭТ-бөтелкелердің қалдықтарын жинау және өңдеумен айналыспақ.

Жобаны қорғау сәтті өтсе, курс түлектері сертификат алады. Бұл құжат арқылы грант немесе жеңілдікпен несие алуға болады. Нақтырақ айтсақ, стартапты бастау үшін 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде қайтарымсыз грант және жылдық 6%-бен 8000 АЕК-ке дейін несие алуға болады.

Жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда.

 Жастар жылында тегін курстармен жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, 18-29 жас аралығында көп балалы, аз қамтылған және  еңбекке жарамды мүгедектерді қамту жоспарланған.

 Ақтөбе облысы бойынша жыл соңына дейін «Жас кәсіпкер» жобасымен 1100 адамды оқу көзделген.

 Оқудың екінші легі 15 тамыз күні басталады. Топтар өтінім берушілер арасында тестілеу қорытындысы негізінде құрылады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер