«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде «NetHouse» инновациялық жылыжай іске қосылды

2019 жылғы 01 Тамыз
- Ақтөбе облысы
6752 просмотров

Ақтөбеде инновациялық NetHouse жылыжай кешенін көруге болады

 Оның басты ерекшелігі – арнайы торды қолдануында. Аталған тор бір мезгілде күн көзін өткізеді, желдетуді қамтамасыз етіп, өсімдіктерді жағымсыз ауа райынан, сондай-ақ жәндіктерден қорғайды. Осындай конструкцияны салған «Серікбаева Р.Н» жеке кәсіпкерлігінің иелері қиярдың алғашқы түсімі жақсы болғанын айтты.  

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешені бөлімінің сарапшысы «торлы үйді» көріп қайтты. «Атамекен» менеджерлері жеке кәсіпкерліктің жобасын сүйемелдеп, «Ақтөбе» ӘКК арқылы жер телімін алуға көмектесті.

 Торлы үйде көкөністі қалай өсіруге болатынын ақтөбелік кәсіпкер Болат Отарбаев жақсы біледі. Биыл кәсіпкер жұбайымен бірге көптен бергі арманын жүзеге асырып, ашық топырақта арнайы тор астында көкөністерді өсіру бойынша жақсы тізбекті жинақтады. Бұл жылыжай емес, бұл Net House – тордан жасалған үй.

 Кәсіпкердің айтуынша, әлемде шаруалардың көбісі сапалы және экологиялық таза көкөністерді өсіруге тырысады, жолдарын қарастырады. Сондықтан шаруашылықта тордан жасалған үйлер қолданылады. Мәселен, Израильде осындай культивациялық қондырғыларда көкөніс өнімдері көлемінің жартысы өндіріледі. Дәл израильдік тәжірибені өңірлік кәсіпкер қолға алмақ болды.

 «Бұл шешімге жылыжайлардың барлық түрлерін сараптай келе тоқтадық. Біз үлбірдегі жылыжайды зерттедік. Сыртқы ауа температурасы 40 С-қа көтерілгенде мұндай үлбірдегі өсімдіктерге тым ыстық, қатты ыстық пен қапырықтан өнім түсімі аз. Бұдан бөлек үлбірлі жылыжайда желдету жүйесін орналастыру да қиын. Сондықтан үлбірді фитотормен алмастыру бірқатар мәселені шешіп, сапалы әрі аз шығындануда агротехникалық тұрғыда барынша мол түсім алуға мүмкіндік береді», – деді кәсіпкер.

 Жылыжайдың металл қаңқасы тормен жабылады. Осы тордың ұсақ тесіктері микрондардан тұрады. Тордың ерекшелігі күн сәулесін өткізеді, жылуды сақтап тұрады, көктем басында мен күздің соңындағы үсіктер жемістерге зиян келтірмейді. Топырақ органикалық тыңайтқыштармен ғана құнартылады. Тағы бір артықшылығы қысты күні торды шешіп тастауға болады. Бұған қоса жауын жауса, тамшылар тор арқылы өтіп, ауаны дымқылдатады, бұл қосымша ылғалдандыру процесі.

Тор тесіктері бойынша тұрақты әрі жақсы желдету жүйесі арқылы жылыжай өсімдіктері ауырмай жақсы өседі.  Ашық топырақ жәндіктерден қорғайды, өсімдік тамыры ыстықтан қызбайды. Ал кәдімгі үлбірлі жылыжайға ашық тұрған терезелерден жәндіктер оңай кіріп, өсімдіктерді жейді. Ал мұндай ештеңені ашудың қажеті жоқ, желдету қабырғалар арқылы жүзеге асады, ал ұшатын, өрмелейтін жәндіткерге жол жоқ. Осындай жылыжайда өсімдік өсіру – тәуекелдер аз, шығындар төмен.  

 Мұндай қондырғыларда тік қалыптарды қолдану арқылы өсімдіктерді өсіруге болады. Осылайша жылыжайда өндірілетін жоғары өнімді гибридті көкөніс түрлерін өсіруге болады. Шаршы метрде шыққан өнім түсімі қымбат үлбірлі жылыжай кешендерінде өсірілген өнім түсіміне пара пар келеді.

 «Биыл егісті 10 маусым күні бастап, 20 маусымда аяқтадық, кеш бастауымызға құрылыс жұмыстары себеп. Қазір өнім пісіп келеді. Жарты гектарға біз 10 мың түп түрлі сұрыпта қияр отырғыздық, негізінен «Меренга» сұрыбы қолданылды. Күн ара 1-1,2 тонна өнім жинаймыз. Бұл әлі шекті мөлшер емес. Өнімді «Дина» дүкендер желісі бойынша өткізіп жатырмыз.  Жылыжай бизнесімен 2014 жылдан бері айналысып келеміз. NetHouse идеясы бұрыннан бар, алайда білім қажет керек болды, көп іздендік. Жұбайым екеуміз идеяны биыл жүзеге асырдық. Банктен несие алдық, «Даму» қоры несиенің мөлшерлемесін субсидиялауға көмектесті. Ал Кәсіпкерлер палатасы «Ақтөбе» ӘКК арқылы 0,6 гектар жер телімін алуға көмектесті», – деді Болат Отарбаев.  

Мұндай жылыжайда экологиялық таза өнім өсіруге қолайлы, онда пестицидтер қолдану 0-ге тең. Сондықтан шығарылған өнім экологиялық стандарттарға сәйкес келеді. Күзде кәсіпкер кешенді ұлғайтпақ, алғашқы жылдың қателіктерін ескеріп, өсіру жұмыстарын өзгертпек.  Келешекте Органик стандартатрына сай өнім шығару көзделген. Осылайша өнімді жоғары бағамен экспорттауға мүмкіндік жасалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер