«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда Қазақстан-Германия форумы өтті

2019 жылғы 27 Маусым
- Алматы қаласы
3885 просмотров

Қазақстанмен іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында Германия Федеративтік Республикасының Экономика және Энергетика министрлігі іскерлік ынтымақтастық форумын ұйымдастырды.

   «Форумның негізгі мақсаты – неміс кәсіпкерлерін өз тауарлары мен қызметтерін жүзеге асыру үшін, серіктестік мүмкіндіктерімен қатар жаңа нарықпен таныстыру. Біз сондай-ақ Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар ашуға мүдделіміз. Қазіргі уақытта біздің министрлік ТМД-ның барлық мемлекеттеріне үлкен көңіл бөліп отыр, ал Қазақстан стратегиялық серіктестік жоспарында жетекші орынға ие. Форум аясында Біз Қазақстанның бірнеше қалаларына, оның ішінде «Қорғас» ШЫХО шекаралық сауда аймағына және Алматыдағы арнайы экономикалық аймаққа баруды жоспарлап отырмыз», –деп NETSCI жобасының менеджері Штефан Унгер хабарлады.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 8% - дан астамын Германия алады (ҚР бойынша 2,1 млрд доллар және Алматы қаласы бойынша 830 млн доллар). Республикада 863 бірлескен Қазақстан-Германия кәсіпорындары тіркелген, оның ішіндегі 69 компания логистика саласында және 55 компания құрылыс саласында тіркелген. Оның жартысы Алматыда жұмыс істейді.

«Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы бұл форумды екі елдің достық қарым-қатынастарын нығайту, сондай-ақ тауар айналымын арттыру үшін жақсы мүмкіндік деп санайды. Құрылыс салаларының тиімділігін арттыру үшін бізбен бөліскісі келетін Герман кәсіпорындарының өкілдеріне қош келдіңіздер дегім келеді. Қазақстан қалдықтарын қайта өңдеу бойынша логистика мен өнеркәсіпті дамыту біздің еліміз үшін басымдық болып табылады», – деп айтты Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы «Талдау және бағдарламаларды жүзеге асыру» бөлімінің басшысы Дәулет Асылбеков.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер