«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

HR-менеджерлері өз біліктіліктерін көтереді

2019 жылғы 24 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
3746 просмотров

Кәсіпкерлер палтасында HR-менеджерлері клубының кезекті отырысы өтті. Ақтөбе қаласының компаниялары мен кәсіпорындарының кадр қызметінің мамандары ҚР еңбек заңнамалары саласындағы ағымдағы мәселелерді талқылады

Дөңгелек үстелде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасының және Ақтөбе қаласының Жұмыспен қамту орталығының мамандары шақыртылды.

Семинар барысында жұмысшылардың еңбек жағдайын және  жұмыс беруші мен жұмысшының арадағы ұжымдық келісім-шарт қатынастары мәселелерін қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Сонымен қатар, компаниялардағы еңбек дауларын шешу кезінде қолданылатын механизмдер туралы айтылды.

Бұл Клубтың биылғы жылғы алғашқы кездесуі болатын. Жиын нәтижесінде алдағы айларға жоспар құрылды.

Еске салсақ, HR-менеджерлерінің кәсіби клубы өткен жылдың наурыз айында құрылды.

Бүгінгі күні Клуб құрамында «Стойдеталь»ЖШС, «Жаңа әлжан ұн комбинаты», «Химсторй Ақтөбе» ЖШС, «Ақтөбе бейметалл комбинаты» ЖШС сынды өңірге белгілі бірнеше комапаниялар мен кәсіпорындардың 40-қа жуық HR маманы кіреді. Клуб қызметі бизнес-оқыту, персоналды дамыту және маркетинг жөнінде кеңес беруге бағытталған.

HR-менеджерлері клубы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастамасымен ашылған.

Кадр мамандарының мәселелерін талқылауға арналған клуб жиындары ай сайын өткізіледі.

Клуб мүшелері жобаға қатысу туралы пікірлерін ортаға сала отырып, қазіргі таңда ақтөбелік компаниялардағы кадрлік құрамда елеулі өзгерістер бар екенін айтты. Олардың айтуынша, әр қызметкердің кәсіби біліктілігіне деген сұраныс жоғарылап, жұмысқа орналасу талаптары біршама өзгерген.  Қазіргі заманғы HR-менеджері кадрлік менеджменнтің барлық бөлімін – іс жүргізу стандарттары мен еңбек заңнамаларынынң тарауларынан бастап, оқу орталықтарын құру машығы мен мамандарды бағалау әдістеріне дейін жақсы білуі қажет.

 «Қазіргі заман жағдайында қызметкерлерді ынталандыру, бизнес-процестерді және ұжымдық даму заңдылықтарының стратегиясын әзірлеу – маңызды. Бұл HR-менеджерлердің құзыреттілігін арттырады. Сондықтан, менеджерлерге арналған мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Дамила Құнанова.

 HR-менеджерлері клубының төрайымы – «ТрансТелекомСвязь» ЖШС кадр бөлімінің маманы Мариса Төлеубаева.

Палата Клуб жұмысына мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында кадрларға қажеттілікті қалыптастыруда, кәсіпорында білім беру орталығын құруда, ҰКП-ның реестріне енгізуге тұрақты түрде көмектеседі, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек қатынастары бойынша құқықтық кеңес береді және еңбек жанжалдарын шешуге сарапшыларды тартады.

Клуб мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты қашықтан әрі жылдам іске асыру үшін WhatsApp-желісінде Жұмыспен қамту орталығының, Еңбек инспекциясының және жеке жұмысқа орналастыру агенттіктерінің мамандары қатыстырылған аранайы топ ашылған.

Клубқа қатысу тегін және оған кез-келген кадр қызметкері қатыса алады. Ақпарат үшін телефон 744-610 (1527), 744-611 (1523).

HR-менеджерлері өз біліктіліктерін көтереді

Кәсіпкерлер палтасында HR-менеджерлері клубының кезекті отырысы өтті. Ақтөбе қаласының компаниялары мен кәсіпорындарының кадр қызметінің мамандары ҚР еңбек заңнамалары саласындағы ағымдағы мәселелерді талқылады. Кездесу соңында қатысушыларға «Аtameken services» порталы таныстырылып, кәсіпкерлер арасындағы кең ауқымды сауалнаманың басталғаны туралы ақпарат берілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер