«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда балаларға арналған киім-кешек дүкенін заңсыз тексеруге әрекет жасалды

2018 жылғы 27 Желтоқсан
- Алматы қаласы
5436 просмотров

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері 1432 нөмірі бойынша шақыртуға жедел шықты. Алматы қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкері кәсіпкерді заңсыз тексеруді жоспарлағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы «Kinderstore Almaty» балалар киім-кешегі дүкенінің директоры Азамат Абрахманов хабарласқан болатын. Биыл 24 қазан күні дүкенге Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкері тексерумен келген. Бірақ мемлекеттік орган өкілі қызметтік куәлікті және тексеру тағайындалғаны туралы актіні көрсетпеген. Куәлікті көрсет деген кәсіпкерге шенеунік келесі күні тексерумен келетінін ескертіп кеткен.

 6 қараша күні «Атамекен» ҚР ҰКП-ның  бірыңғай байланыс орталығына «Бизнесті құтқару қызметіне» «Kinderstore Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкері тексерумен келгені жайында екінші рет шақырту түсті. ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі жедел тобы шақырту түскен мекенжайға аттанды. Оқиға орнында Алматы қаласы Алматы ауданы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Техникалық регламенттері бақылау мен қадағалау бөлімінің жетекшісі М.Сұлтанбаев пен бас маман Б.Жұмахмет кәсіпкерге ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабы 1-тармағына сәйкес тәртібінде тексеру жүргізілетіні жайында хабарламаны қолына ұстатпақ болған. Тексеру барысында «Kinderstore Almaty» ЖШС профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мақсатында өнім қауіпсіздігі мониторингін жүзеге асыру шеңберінде тауарларды іріктеу жүргізіледі.

Осы ретте дүкен сатушысы алдағы уақытта тексерумен келіп, куәлік көрсетпеген Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қызметкерінің бірі бас маман Б.Жұмахметті танып қойды. Айта кетелік, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 140-бабы 8-тармағына сәйкес шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.

Өз кезегінде  «Kinderstore Almaty» ЖШС заңды  тұлғасын мемлекеттік тіркеу туралы анықтамада ЖШС заңды тұлға ретінде 2018 жыл 15 наурыз күні тіркелген деп жазылған. Жоғарыда аталған дәйектерді есепке ала отырып, кәсіпкердің құқығын қорғау мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментініне негізсіз тексеру фактісіне қатысты (қызметтік зерттеу жүргізумен қоса) тиісті шара қолдану туралы хат жіберді. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 21.11.2018 ж., және 14.12.2018 ж., берген жауаптарға сәйкес  қызметтік тексеру жүргізу нәтижесінде «Kinderstore Almaty»   ЖШС киім дүкеніне қатысты  заңсыз тексеру ұйымдастыру және Алмалы ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының техникалық регламенттерді бақылау мен сақтау бөлімінің бастығы М.Сұлтанбаевтың ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 140-бабы 8-тармағына сәйкес талаптарды бұзып, дүкен иесіне прафилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу туралы хабарлама беру фактілері расталды.

Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша тәртіптік комиссия М.Сұлтанбаевты «ескерту» жасау түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер