«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасының директоры оқушылармен кездесті

2018 жылғы 13 Сәуір
- Ақтөбе облысы
2144 просмотров

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»

Биылғы оқу жылынан бастап, «Атамекен» ҰКП бастамасымен пилоттық режимде Ақтөбе қаласындағы  №20 орта мектептің 10 сынып оқушыларына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты арнайы пән оқытылуда. Бұл пәнде оқушылар бизнес саласының негізгі ұғымдарымен танысады,  сондай-ақ, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырады. Сабақ қызықты өту үшін оқушыларды кәсіпкерлік нысандарына апарып, бизнесте белгілі бір жетістікке жеткен тұлғалармен кездестіру көзделген. Жыл басынан бері аталған сынып оқушылары бірнеше кәсіпорындарда болып, бизнестің жарқын өкілдерімен кездесті. Оқыту сабақтары, көбіне, ойын, ситуацилық  сұрақ-жауап түрінде өтеді.  Сондай-ақ, палата оқушылардың кәсіпкерлік туралы білімдерін сыныпта отырып емес, кәсіпкерлік объектілерінде барып, үйренулеріне ықпал жасауды жалғастыруда.

Бүгінгі кездесу оқушылардың қалауы бойынша Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановпен болды. Нұрлыбек Бекболатұлы - Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің түлегі, мемлекеттік қызметте, жеке бизнес саласында да қызметтік тәжірибесі мол, жаңашыл басшы. Ол балаларға өмірде сүйікті ісіңмен айналысудың маңыздылығы туралы айтып берді.

«Адам белгілі бір жұмысты қолға аларда өзінің қалауымен қатар, өз болмысы мен мінезін де ескерген жөн. Яғни ананың істегенін мен де істей аламын деп, зорығудың қажеті жоқ. Әркімнің өзінің қолынан келетін, келмейтін дүниелері болады. Сондықтан, өмірде өз жолыңды тауып, кәсібіңнің шыңына шығуға тырысқан жөн», - деп кеңес берді ол.

Кәсіпкерлер палатасының директоры оқушылардың қиындықтардан қорықпауын, арман мен мақсатты айыра білуді, білім алудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, кәсіпкер деген кім, оның жауапкершілігі қандай деген сұрақ төңірегінде, кәсіпкерліктің бағыттары туралы айтып өтті.  Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасының қызметтері туралы да сөз болды.

«Мен өзімнің білгеніме жаңа білім қостым. Күнделікті жасап жүрген тірлігіміздің жалпы мақсатқа қандай қатысы бар, бос уақытты дұрыс өткізудің шарттары сынды өзіміз байқай бермейтін, болмашы нәрсе көрінетін нәрселердің зор маңызы барын түсінгендей болдық»-дейді 10 сынып оқушысы Тая Бекетова.

Оқушылар белгілі тұлғалардың өмір жолы, қызметі туралы өз ауыздарынан естудің әсерлі екенін айтысты. Сондай-ақ, олар өздерін қызықтарған сауалдарына жауап алды. Бұл шара оқу жылы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер