«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оқушыларға бизнеспен айналысуды үйретеді

2017 жылғы 27 Қараша
- Ақтөбе облысы
11007 просмотров

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жаңа пәнін мектеп бағдарламасына енгізілді

Пилоттық жобаға Ақтөбе қаласындағы №20 лицей орта мектебі қатысады. Кіріспе сабағы ретінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы мектеп оқушыларымен кездесті.

Биылғы жоғары сынып оқушыларында танымал кәсіпкерлерден бизнесті жүргізуді үйрену мүмкіндігі бар. Мектеп бағдарламасына 10-11 сыныптар үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі. Биыл бұл пән еліміздің 16 мектебінде басталады. Ақтөбеде пилоттық база ретінде №20 лицей таңдалды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 10-сынып оқушыларына арнап кіріспе сабағын өтті. Облыстық палатаның директоры Нұрлыбек Мұқанов  кәсіпкер дегеніміз кім, қандай қабілетке ие деген сынды сауал тастап, пікір талқысын ұйымдастырды. Пәннің сабағын адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Дамиля Құнанова жүргізді.

«Бұл жобаны Ұлттық палата 2014 жылдан бастап қолға алды. ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісілгеннен кейін келесі жылдан бастап орта білім беретін мектептерге таңдау пәні ретінде енеді. Оқушылар қор биржасындағы сауда, құнды қағаздармен табыс табу, бизнес жүргізу негіздерін оқиды. Пән кәсіпкерлік саласының заңдары мен түсінігі жайлы ақпарат беруге бағытталған. Сіздер бұл пәнді оқуды бастаған алғашқы лексіздер. Палата кәсіпкерліктің мәнін түсіндіруде мұғалімдерге де, оқушыларға да көмектеседі», – деді Дамиля Құнанова.

Сарапшылар кәсіпкерлік негіздерін оқытудағы халықаралық тәжірибені зерттеп, ойын қағидасына негізделген интерактивті бағдарламаны дайындады. Оқушылар сабақты ойын түрінде өтеді. Екі жылда 68 сағат оқытылады.

Кіріспе сабақта ӨКП қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы, бизнес-жаттықтырушы Ержан Нұрғалиев ынталандыру тренингін өтті. Оқушылар палата жұмысымен танысып, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мәселесімен жүгініп келген іскер адамдармен де сөйлесті. Оқушылар да, ұстаздар да алғашқы сабақтан жағымды әсер алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер