«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан мен Румыния байланысы жаңа деңгейде

2017 жылғы 19 Шілде
7533 просмотров

Румыния Қазақстанға 2016 жылдың 1-тоқсанына дейін 841,3 млн АҚШ доллары сомасында инвестициялар құйды

Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында шетелдік компаниялармен бизнес кездесулер тұрақты түрде өткізіліп жатыр. 

19 шілде күні «Атамекен» ҚР ҰКП мен Румынияның шағын және орта кәсіпорындары ұлттық одағы арасында ынтымақсатық туралы келісімге қол қойылды.

 

 Румыния павильонына румыниялықтар «Атамекен» ҰКП Сауда комитеті мен Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті, Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту департаменті өкілдерін арнайы шақырды. Шараға ҰКП Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры-Бақсарушы директор Дінмұхамет Әбсаттаров, «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті Хатшысының орынбасары Ирина Тюгина, Румынияның шағын және орта кәсіпорындары ұлттық қауымдастығының бас хатшысы Ливиу Рогожинару, Румыния павильонының баспасөз хатшысы Даниэла Войнеа, сондай-ақ Ұлттық палата қызмтекерлері қатысты.

Айта кетелік, Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы 15 шілдеде орнаған. 1993 жылы Қазақстан Республикасында Румыния елшілігі құрылды. 2003 жылы ҚР-дың Румыниядағы дипломатиялық миссиясы ашылды.  Румыния Қазақстанға 2016 ж. 1 тоқсанына дейін 841,3 млн АҚШ доллары сомасында румындық инвестициялар құйды. Бүгінгі атаңда Қазақстанда 40 шақты румын компаниялары жұмыс істейді.

 Бұл кездесудің мақсаты екі ел арасындағы экономикалық байланысты  нығайту, өзара тиімді болатын жобаларды іске асыру болып табылады. Кездесу барысында Румынияның шағын және орта кәсіпорындары ұлттық одағының бас хатшысы Ливиу Рогожинару ұйымның құрылымы туралы баяндап берді.

Спикердің айтуынша бұл 165 жыл бұрын құрылған қауымдастық. Қарамағында 650 мың қызметкері бар ірі ұйым. «Біздің сала Румыниядағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, қызметін дамыту және ІТ-саласында сервистік қызмет көрсету болып табылады», – деді  Ливиу Рогожинару.

Өз кезегінде  ҰКП Бақсарушы директоры Дінмұхамет Әбсаттаров «Атамекен» мен руминиялық қауымдастықтың ұқсастықтарын атап өтті. «Екі ұйым да мемлекеттердегі бизнес дамуына бағытталған. Румынияның шағын және орта кәсіпорындары ұлттық қауымдастығы орта және шағын кәсіпкерлік секторын ғана қамтыса, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы экономика секторлары, адами капитал, агроөнеркәсіп, машина жасау сынды барлық салаларды қамтиды. «ЭКСПО-2017» Румыния делегациясының белсенді атсалысып жатқанына алғыс білдіремін. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс артыуына сенімім мол», – деді Дінмұхамет Әбсаттаров.

Екі ел ұйымдарынының таныстырылымы жасалған соң Румынияның шағын және орта кәсіпорындары ұлттық қауымдастығы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер