«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Made in Aktobe мектеп киімі

2016 жылғы 20 Мамыр
- Ақтөбе облысы
9643 просмотров

Ақтөбеліктер 123 мың оқушыны киіндіруге 2 млрд теңге жұмсайды

Мектеп формасының 93%-ы таяу шетелден әкелінсе, 7%-ы ғана өңірден шығады. Облыстағы кәсіпкерлер бұл нарықты игеру үшін жергілікті ательелерге қол ұшын созбақ.

Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі қарқынды жұмыс жасауда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің орта білімді ұйымдастыруда міндетті мектеп формасын бекіту туралы бұйрығын ести сала, ІӘК төрайымы Күлпаршын Айдарханова семинар ұйымдастырып, онда міндетті мектеп формасы мәселелерін талқыға салды. Семинарға мектеп басшылары, кәсіпкерлер, ателье иелері қатысты.

«Мектеп формасы енді оқушының міндетті атрибутына айналады, оның үлгісі өзгеріп отыруы мүмкін. Ол классикалық үлгіде болуы керек және діни немесе ұлттық ерекшелігіне қарай бөлінбеуі қажет. Бұл тұста, әр оқу орнының өзіне тән мектеп формасы болуы тиіс, оны ата-аналар мен ұстаздар бірлесе таңдайды. Отандық өндірушілер осы істі қолға луға әбден мүмкіндігі бар», – деді Кеңес төрайымы.

Өкінішке қарай, Ақтөбе облысында мектеп формасын тігетін кәсіпкерлер жоқ. Палата сарапшылары ателье қожайындарына осы саланы дамытуда қолдау көрсетпек, ал ІӘК бұл жұмысқа ақтөбелік дизайнерлерді тартуды ұсынып отыр.

Олардың бірі – Малика Дүйсенбаеваның айтуынша, мектеп оқушылары тек қатаң және қарапайым ғана емес, сонымен бірге әдемі форма киюі тиіс. Олардың пікірінше, жаңа стандарттар ата-аналарды артық шығын жұмсаудан сақтандырса, балалар арасында өзара киім киіс бәсекесін болдырмайды. Малика семинар қатысушыларының назарына өз эскиздерін ұсынды, ал кейбір мектеп басшылары мектеп формаларының үлгілерін көрсетті.

Кездесу нәтижелері бойынша, кәсіпкерлер мен мектеп басшылары бұдан ары өзара ынтымақтастық туралы өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер