«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мамандық таңдауға көмектеседі

2016 жылғы 18 Мамыр
- Ақтөбе облысы
11426 просмотров

Ақтөбеде тоғызыншы мамандандырылған «Білім. Жұмыс. Мансап – 2016» көрмесі басталды

Білім, жұмыс, мансап – қазіргі замандағы адамның табысқа жету жолы. Оқу орындарының екі күндік көрмесі мен «Қазақстан Республикасы мен Ақтөбе облысында сұранысқа ие мамандықтар жайы» тақырыбындағы дөңгелек үстел осы мәселелерге арналған. Шараны ұйымдастырған Ақтөбе облысының білім басқармасы, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы мен «Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ.

Көрмеге Қазақстан мен Ресейдің 30-дан астам орта және жоғары оқу орындарының, облыстың білім беру орталықтары мен кәсіпорындарының экспозициялары қойылған.

Шараны ұйымдастырушылардың мақсаты – талапкерлерге мамандық пен жоғары оқу орнын немесе колледж таңдауға көмектесу, Қазақстан мен Ресейдің білім саласындағы әріптестігінің жаңа көкжиектерін анықтау. Сондай-ақ, сұранысқа ие мамандықтардың, білім беретін мекемелердің мүмкіндіктерінің, жаңа бағдарламаларының таныстырылымы мен оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселесін шешуде жұмыс берушілер мен білім беру мекемелерінің әріптестік орнатуы және мамандар дайындау деңгейін арттыру көптеген мәселенің шешімін табуға сеп болады.

«Адами капиталды дамыту – біздің қызметіміздің басты бағыттарының бірі. Осыған байланысты Палатада 10 сала бойынша мамандар дайындау туралы 48 кәсіпорынмен және 18 колледжбен меморандум жасалды. Бұл өзара табысты әріптестік: бизнес қажетті кадрларға қол жеткізсе, ал болашақ маман өзінің жұмыссыз қалмайтынына сенімді болады», – деді ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Көрме барысында ӨКП басшысы облыстың колледждерімен және кәсіпорындарымен үш жақты меморандумға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер