«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын несиеге алғашқы үміткерлер

2016 жылғы 13 Мамыр
- Ақтөбе облысы
7774 просмотров

«Ауыл кәсіпкерлері» шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу бағдарламасы аясында құны 300 миллион теңгені құрайтын 45 жобаның өтініші қаралу үстінде

Бұл туралы Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрболат Өмірзақов хабарлады.

Естеріңізге салар болсақ, «АKTOBE INVEST 2015» үшінші инвестициялық форумы барысында Ақтөбе облысының шағын және моно қалаларындағы, ауылдардағы шағын кәсіпкерлікті микронесиелеуге байланысты ҰКП Ақтөбе облыстық әкімдігі және «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ-мен, сондай-ақ, Ақтөбе облыстық әкімдігі және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен» өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Аталған келісімді жүзеге асыру үшін меморандумға қол қоюшылардың әрқайсысы 300 миллион теңгеден қаржы бөледі, нәтижесінде, барлығы 900 миллион теңгені жиналып отыр.

Аталған бағдарлама тек шағын бизнесті қамтып қана қоймай банк секторларының мүдделерінен тыс микроқаржы қызметінің ауқымын кеңейтуді, олардың сапасын арттыруды, сондай-ақ, салықтық базаны ұлғайтуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтиды.

«Микронесиелеу – ҰКП, облыс әкімдігі және АШҚҚҚ арасындағы 900 миллион теңге көлеміндегі несие қоры есебінен ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүзеге асырылады. Аталған несиелеу жүйесі шағын сомада несиелейді және келіп түскен өтініштерді шұғыл түрде қарастырады. Одан бөлек, борышкер келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде несие тарихын бұзбай қарызды қайтарса бизнесті дамытуға арналған келесі несиені рәсімдеуге мүмкіндік алады», – дейді ӨКП сарапшысы.

Алғаш рет несие алушыларға 5 миллион теңгеге дейін, ал, бизнесін одан ары кеңейткісі келетіндер үшін 16,9 миллион теңгеге дейін 6,0 пайызбен 54 айға несие беріледі.

Қазіргі таңда, аудандық ӨКП 45 жобаның өтінішін қабылдады. Ал, оларды жүзеге асыру 300 миллион теңгені қажет етіп отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер