«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жер 7 есе қымбат бағаға сатылды!

2016 жылғы 12 Сәуір
- Ақтөбе облысы
7438 просмотров

Ақтөбеде 20 жер телімі кәсіпкерлік нысанға 72 миллион теңгеге сатылды

Бұрынғы жылдары кәсіпкерлікке арналған жерді тек байқау арқылы жеңіп алатын. Биылдан бастап аукцион арқылы сатып алатын болды.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрлан Махамбетовтің айтуынша, бұл шара жер телімдерін берудің шынайылығы мен ашықтығын көрсету үшін қолға алынған. Аукциондар ағылшын тәсілімен өткізіліп жатыр. Яғни, кім жоғарғы бағасын айтса, жер соныкі. 

Бірінші аукцион жергілікті қазынаға айтарлықтай табыс әкелді. Жалпы көлемі 51,7 мың шаршы метрге тең он телімге 4 миллион теңге төленуі керек деп жоспарланған. Аукцион біткенше бұл сома 7 есе өсті. Аталған жер 27 миллион теңгеге бағаланды.

Ең қымбат жер көлемі 1391 шаршы метрлік Нұр Ақтөбедегі жер болды. Ол жерге Тұрмыстық үй салынбақ. Оның бастапқы бағасы 107 мың теңгені құрайды. Бірақ аукционда ол 8 миллонға сатылды. Екінші аукционда сатылымға тағы да он телім сатылды. Оларды өндірістік базаның құрылысына, ТҚС, дүкендер, монша, кір жуу кешендері, спорттық клубтар, кемпинг пен ет өңдеу комбинаттарына арнаған. Аукционға қатысуға 70 өтініш келіп түскен.

5 миллонға бағаланған алғашқы 10 телім аукцион кезінде 45 миллонға сатылды. Ақтөбе-Хромтау аралығындағы жол бойындағы кемпингке арналған жер 8 миллионға өтті. Бастапқы бағасы 174,6 мың теңге еді.

«Жерді жалдау құқы үш жылға деп беріледі. Осы мерзім ішінде қожайын жерді мақсаттқа сай қолдануы тиіс. Жалдау мерзімі түгесілген соң жерді кадастрлық бағамы бойынша сатып ала алады» ,– дейді Махамбетов.

Келесі аукцион 15 сәуірде өтеді. Бұл жолы сатуға ауылшаруашылық мақсатына лайықталған жалпы аумағы 2835,5 гектар жер қойылмақ. Оның бастапқы бағасы 6 миллион теңге. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер