«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ірі кәсіпкерлік шағын және орта кәсіпті қанатының астына алмақшы

2016 жылғы 11 Сәуір
- Ақтөбе облысы
9665 просмотров

Ақтөбе облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға байланысты серіктестік келісіміне қол жеткізілді

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының бөлімі бірнеше ірі компанияның басшыларымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына қол қойды.

Облыс әкімі Бердікбек Сапарбаевтың айтуынша, бұл бағдарлама Елбасының ірі компаниялардың шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы тапсырмасымен орындалып жатыр.

«Экономикалық дағдарыс кезінде біз импорт тауарларды азайтатын шараларды жүзеге асырып, отандық тауар өндірушілерге барынша қолдау білдіруіміз керек. Соған сай қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті, стандарттарға лайықты, талапқа жауап беретін өнім өндіретінін көрсетуіміз керек. Бізге ірі компаниялар мен шағын және орта кәсіпкерлік арасында көпір салу маңызды. Ірі компаниялар  айналасынан шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін құру керек», – деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.

Мемлекет өз кезегінде кәсіпкерлік аясындағы нысандарды қолдауға барынша көмек қолын созып жатыр. Атап айтсақ, билік өнім өндірушілерді несие беріп субсидияламақ. Қысқарған жұмысшыларға жалақысының 2\3 бөлігін бермек. Жаңа жобаларға қажетті инфрақұрылымды реттеп бермекші. Жеңілдікпен тарифтер мен квота бөледі.

Бұл бағдарламаға қол қою қазақстандық компаниялардың өнімін қолдауға жол ашады деп күтіліп отыр. Импортты алмастыратын заттар ел ішінен  алынады деп болжанып жатыр. Шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетін барынша қолдануға тырысу. 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту серіктестік бағдарламасы бойынша, 2016-2018 жылдарға Ақтөбе әкімшілігі, өңірлік «Атамекен» ҰКП және «СНПС-АҚтөбемұнайгаз» АҚ, «ТНК «Казхром» Ақ, «Ақтөбелік хром қосылыстары зауыты» АҚ, «Казахойл Актобе» ЖШС, «Восход-Oriel», «Актөбе мыс компаняисы», «Коппер Текнолоджи», «Казгеоруд» арасында келісімге қол жеткізілді.

Құжатта шағын және орта кәсіпкерліктің импорт алмастырушы тауарларына қолдау нақты мерзімдермен көрсетілген. Бағдарламаны орындалуын қадағалау индустриалды-инновациялық даму басқармасына, кәсіпкерлік басқармасына, ҰКП өңірлік бөліміне тапсырылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер