«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алға, фермерлер!

2016 жылғы 25 Наурыз
- Ақтөбе облысы
12074 просмотров

Жақында Алға ауданында 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылатын болады

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары шаруаларға ауылшаруашылы кооперативтерінің артықшылықтары туралы ақпарат беру жұмыстарын күшейтті.

ӨКП-нің Алға ауылындағы филиалы директоры Айболат Манеповтың сөзіне қарағанда, ауылдық округтерде «Ауыл шаруашылы кооперативтері туралы» заңды түсіндіру бойынша белсенді жұмыс атқарылуда.

«Біздің бастамамыз бойынша Алға ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, құрамына ауылдық округтердің әкімдері, ауданның ауылшаруашылығы бөлімінің өкілдері кіретін белсенді топ құрылды. Топ мүшелері ауылшаруашылығы кооперациялары және агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын субсидиялау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпкерлер палатасы филиалының алаңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған шаруа қожалықтарының басшылары, ауылдық округ әкімдері және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қатысты. Көшпелі семинарлар ұйымдаcтырылды»,–деп хабарлады Айболат Манепов.

Айтулы шаралар көп күттірмей нәтиже бере бастады. ӨКП филиалына ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін құру ниетімен «Алға өнімі» атауымен бір АӨК болып бірігуді жоспарлап отырған «Азамат», «Диана», «Нұрлы жол» және «Талғат» шаруа қожалықтарының басшылары келді. Кооператив заманауи технологияларды пайдалану арқылы жеміс-көкөніс өсірумен айналысатын болады. Маржанбұлақ ауылдық округінің Қайыңдысай кентінде жұмыс істеп тұрған және ауылшаруашылығы кооперативіне кіретін «Маржанбұлақ» ЖШС ірі қара малды тұқымдық түрлендіруді қолға алмақшы. Сондай-ақ, Тамды ауылдық округінде де АӨК құрылатын болады.

Қазіргі уақытта құжаттарды ресімдеу процесі жүріп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер