«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа басшы – жаңа жоспарлар

2016 жылғы 25 Наурыз
- Ақтөбе облысы
12832 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесіне жаңа төрайым тағайындалды

Іскер әйелдер кеңесі 2015 жылдың наурыз айында барлық Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған болатын. Ақтөбе облысында Кеңес құрамына тәжірибелі бизнес-ханымдармен қатар, кәсібін жаңа бастап жатқан жас кәсіпкерлер де енген еді. Қызметті жоспарлау және үйлестіру мақсатында Кеңес мүшелерінен Үйлестіру кеңесі сайланып, оның құрамына 11 бизнес-ханым енді. Іскер әйелдер кеңесі Ақтөбе облысының барлық аудандарында құрылды. Кеңес жұмысы арқылы Палата өңірдегі әйелдер кәсіпкеркерлігін дамыту жұмыстарын күшейтіп, мүмкіндігінше көптеген нәзікжандыларды бизнеске тартуды көздеуде.

«2015 жылы 25 ақтөбелік start-up жобаларын жүзеге асыру үшін, ал тағы 10-ы ағымдағы бизнесін кеңейту мақсатында қаражатқа қол жеткізді. Тағы да он адамға жер телімдері мен рұқсат құжаттарын алуға қолдау көрсетілді», – деп Өңірлік кеңестің төрайымы Апуажан Төлегенова Кеңес жұмысының қорытындысын шығарды.

ІӘК-нің кезекті отырысы барысында жаңа төрайым сайланып, жаңа құрам бекітілді. Іскер әйелдер кеңесінің Ережелеріне сәйкес, мүшелік уәкілдік мерзімі Жалпы жиналыста бір жыл мерзімге бекітіледі де, жыл сайын қайта қаралады. ІӘК-нің төрайымын қайта сайлау мәселесін қараған жиынға қатысушалыр «Ақбөбек» сауықтыру орталығы» ЖШС-нің директоры Күлпаршын Айдарханованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар, Кеңес құрамына дизайнер, ұлттық киімдер тігетін ательенің иесі Малика Дүйсенбаева мен дизайнер, «Дәрия» киім-кешек брендінің иесі Назым Нәдірбаева енді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер