«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдағы жеке үй шаруашылықтары кооперативке бірікті

2016 жылғы 01 Наурыз
- Ақтөбе облысы
8819 просмотров

Алғашқы «Рахат +» ауылшаруашылық кооперативі Ақтөбе облысында құрылды

Әйтеке би ауданына қарасты Аралтоғай селолық округі Ақтөбе облысында ауылшаруашылық кооперативтерін құру бойынша пилоттық жобаға енді. Қазіргі уақытта аудан аумағында жеке тауарлы шарауашылықтарды, жеке қоныстар мен ауылшаруашылық құрылымдарын үлкен өндірістік кооперативтерге біріктіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Аралтоғай селолық округінде 600 бас ірі қарасы бар 55 шаңырақ бірікті. Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы Аралтоғай ауылында «Рахат+» кооперативі құрылған сәттен бастап кооперативті ұйымдастыру, әділет органдарына заңды түрде тіркеу, жағдай жасау, бизнес-жоспар құру, әр түрлі тақырыпта кеңес беру мен жобаны демеу бойынша жүргізілетін жұмыстарды өз жауапкершілігіне алды.

«Кооперация дегеніміз ауылдағы жеке үй шаруашылықтарын біріктіру, малды өрісте жаю, ірі қара малға бірыңғай күтім жасау, кооперативте өндірілген тауарларды кепілдендірілген және ұйымдастырылған түрде облыстағы мал бордақылайтын немесе бірден ет өңдейтін кәсіпорындарға өткізу», – деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Сағынғазы Құрманалин.

Сондай-ақ, «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заңға сәйкес, кооперативке арнайы салықтық режим енгізіледі.

Әйтеке би ауданының әкімшілігі малды өрісте жаю үшін кооперативке аумағы 5 мың гектар болатын жер телімін бөлді. Бүгінде «Рахат+» «Ақтөбеагросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне малдың тұқымын асылдандыру үшін 20 бас асыл тұқымды өгіз бен жем-шөп дайындауға қажетті ауылшаруашылық техникаларын алуға өтініш білдіріп қойды.

Әйтеке би ауданындағы ӨКП бөлімшесі кооперативке мемлекет тарапынан берілетін мемлекеттік көмек туралы кеңес береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер