«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік кәсіпкерлер пікірталас клубында бас қосты

2016 жылғы 29 Ақпан
- Ақтөбе облысы
9437 просмотров

ӨКП жанынан құрылған пікірталас клубының мүшелері өңдеу саласын дамытуға ерекше көңіл бөлуді ұсынып отыр

Кәсіпкерлер Палатасы жанынан кәсіпкерліктің көкейкесті мәселелерін қарастыратын «Атамекен» пікірталас клубы жұмыс істей бастады.

Палата директоры Нұрлыбек Мұқановтың сөзіне қарағанда, аталған алаң өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен айналысатын сарапшылармен, кәсіпкерлермен тұрақты диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Пікірталас клубының алғашқы отырысы 25 ақпан күні өтті.

Отырыс барысында экономикалық дамудың сыртқы экономикалық факторларға тәуелсіз көкейкесті мәселелері қызу талқыға түсті.

«НПК Хим Актобе» ЖШС директоры Тимур Қалиев, «СДС 2012» ЖШС директорының орыбасары Болат Итеғұлов, «КАФ» АҚАФ Директоры Қорған Нұртазин, «Ұлан компаниясы» ЖШС Директоры Ұлықпан Есенқұлов және көптеген өзге де ақтөбелік белгілі кәсіпкерлер өз идеялары мен пікірлерін ортаға салды.  

«Біз сыртқы экономикалық факторлардың ықпалына ұшырай қоймаған өңдеу саласын дамытуды ұсынамыз. Бүгін біз сіздерді осы саланы қалай дамытуға болатындығын талқылау, сіздердің ойларыңызды білу мақсатында жинап отырмыз»,–  деді Мұқанов бизнестің нақты саласының өкілдеріне.

Талқылау барысында кәсіпкерлер ақпараттық вакуумның бар екендігін атап өтті. Олардың ойынша, кәсіпкерлік қызмет субъектілері өздерінің қандай іспен айналысу керектігі жайлы толық хабардар емес және олардың айқын стратегиялары да жоқ. Оқыту тренингтерін ұйымдастыру қажеттілігі туралы ұсыныстар түсті. Клуб қатысушылары кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жергілікті өндірістің өнімін сатып алуға және сол арқылы импорттың орнын алмастырушылық үлесін арттыруға шақыруды ұсынып отыр.

Ақтөбе бизнес өкілдері аталған мәселені шешудің бір жолы – шағын бизнес үшін индустриялық аймақ құру қажет деп есептейді.

Талқылау нәтижелері бойынша, Палата сарапшылары дамыту салаларын жасап шығару және анықтау үшін бір айдың ішінде талдау жүргізетіндігі туралы шешім қабылдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер