«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті меценат Ақтөбеде өлкетану мұражайын салмақ

2016 жылғы 24 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8800 просмотров

Ақтөбе облысында 29 жоба бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге аспақ

Қазақстандық кәсіпкер, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті, Ақтөбе облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшесі Исламбек Салжанов Ақтөбеде өз қаражатымен өлкетану мұражайын салмақшы.

Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында  Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Өңір басшысының мәлімдеуінше, әлемдік дағдарысқа қарамастан экономиканы одан ары дамыту мақсатында жекеменшік және шетелдік капиталды тарту шаралары қабылдануда.

«Ел Президенті өзінің «Қазақстан стратегиясы – 2050» Қазақстан халқына Жолдауында түсімділік, инвестициялардан қайтарым алу қағидаларындағы жалпы экономикалық прагматизмге негізделген экономикалық саясаттың жаңа бағытына өту қажеттілігін айтты. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамуы бұл процесстің басты құрамдасы деп санайды», – деді Бердібек Сапарбаев.

Анағұрлым басымдық берілген жобалар қатарында жедел медициналық жәрдем бекетін, қалалық балалар стоматологиясын, офтальмологиялық клиникасын, Мұз сарайын, Жекпе-жек сарайын, сонымен бірге облыс орталығы мен аудандарда 14 балабақша, 3 емхана, аурухана және мектеп ғимараттарын салу бар. Жобалардың жалпы құны 16 млрд.теңгені құрап отыр.

«Түркия инвесторлары Ақтөбеде жылына келіп түсетін қоңыраулар саны 150 000 болатын және жалпы құны 1,8 млрд.теңгеге тең жедел медициналық жәрдем бекетін салуды жоспарлап отыр. Жедел жәрдем бекеті медициналық кластерге кіреді. Оның құрылысын шетел инвесторларының қатысуымен биыл бастайтын боламыз. Кластер тек қана Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстарының ғана емес, сонымен бірге Қызылорда облысы тұрғындарына да қызмет көрсететін болады. «Қазхром» компаниясы 3000 орындық Мұз сарайын салуға 3,1 млрд. теңге бөледі. Кәсіпкер Исламбек Салжанов өлкетану мұражайын салмақшы», – деп жоспарларымен бөлісті Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыру ең алдымен облыс бюджетіне салынатын жүктемені айтарлықтай азайтады, қосымша 1000 жаңа жұмыс орнын құрып, 2 415 баланы мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жоғары маманданған жедел медициналық жәрдем қызметі сапасын арттыруға септігін тигізеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер