«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын Адам» костюмдері Ақтөбеге жетті

2016 жылғы 22 Ақпан
- Ақтөбе облысы
12371 просмотров

Облыс орталығында отандық өндірушілер тіккен ерлердің костюмдерін сататын шағын дүкен ашылды

Шағын дүкен 19 ақпан күні «Мәдениет» сауда үйінде Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағынның және Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды.

Дүкен иесі, қазақстандық дизайнер Айжани Нұрланованың сөзінше, оның ерлер костюмін тігетін фабрикасы 2013 жылдан бері Шымкент қаласында жұмыс істеп келеді.

Бүгінгі таңда «Алтын Адам» – классикалық үлгідегі ерлер және әйелдер костюмін тігетін Қазақстандағы жалғыз фабрика. Жұмыс процесі DurkopAdler, Brisay, Pfaff, Juki, ASS, Malkan сияқты әлемдік өндірушілер құрастырған жоғары технологиялы жабдықтар көмегімен жүзеге асады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында фабрика күніне 400 костюм тіге алатын деңгейге жетті. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында Түркиядан, Жапониядан, Қытайдан құрал-жабдықтар сатып алынды.

Айжани мұндай дүкенді еліміздің барлық өңірлерінен ашуды жоспарлап отыр. Ақтөбе оның костюмдері сатылып жатқан бесінші қала. Алғашқы төрт дүкен Астана, Алматы, Қарағанды, Жаңаөзен қалаларында ашылған.

Костюмдердің құны 30 000-60 000 теңге аралығында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер