«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Чехия мен Қазақстан кәсіпкерлері бірлесе жұмыс жасамақ

2016 жылғы 11 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8538 просмотров

Чехия кәсіпкерлері қоспажем өндіру зауытын салуға қызығушылық танытуда

Ақтөбеге Чехия бизнесінің делегациясы келді. Сапардың алғашқы күні Чехия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Элишка Жигова облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті.

Кездесу барысында Чехия елшісі Ақтөбеге іскерлік байланыстарды жолға қою мақсатында келгенін және ауыл шаруашылығы, құрылыс пен білім беру салаларына инвестиция салуға дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қазақстандық тараптың чех кәсіпкерлерімен арада тығыз іскерлік қатынас орнатуды көздейтінін айта келе, өңірде кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдайлар жасалып отырғанына назар аударды. Мұндағы бизнестің дамуына Ақтөбе облысының географиялық жағынан ыңғайлы орналасуы және көліктік-логистикалық инфрақұрылымның нығаюы септігін тигізіп отыр.

«Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің дамуына инвестиция салуға әзір чех кәсіпкерлеріне жергілікті әкімшілік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетін болады. Бүгінгі күні Ақтөбеде ауданы 200 гектар болатын индустриалды аймақ жұмыс істеуде, онда кәсіпорындар, оның ішінде шетелдік кәсіпорындар тиімді жағдайларда жұмыс жасай алады»,– деді әкім. Бүгінгі күні екі ақтөбелік кәсіпкер инвестициялық жобаларды бірлесе дамыту жөнінде келіссөздер жүргізуде. Олардың бірі «Агроодақ-М» ЖШС директоры Аманғали Нұралиев. Мәртөктік кәсіпкер аудан орталығында қоспажем өндіретін зауыт салуды көздеп отыр. Бұл идеямен ол аудан әкімдігіне жүгініп, бүгінгі күні жаңа кәсіпорын салу үшін ауданы 6 гектар жер телімін алды. Зауыт құрылысына шамамен 20 миллион АҚШ доллары қажет, жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2 жыл.

Аманғали Нұралиев инвестор іздеуге көмектесуді сұрап Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«Біздің сарапшылар қатысқан Алматыдағы форум барысында біз қаржы салуды қажет ететін барлық жобаларды көрсеттік. Қоспажем өндіретін зауыт салу жобасына чех кәсіпкерлері қызығушылық танытты»,– деп айтып берді Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов.

ӨКП 10 ақпан күні «Агроодақ-М» ЖШС директоры мен Чехия Республикасының елшісі Элишка Жиговамен, сондай-ақ Қазақстан және Орталық Азия елдеріндегі Чехия мен Словакия жобаларын ұйымдастырушы Антонин Копфштайнмен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастықтың бүге-шігесі талқыға түсті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер