«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Делдалсыз өткен жәрмеңке

2016 жылғы 08 Ақпан
- Ақтөбе облысы
9266 просмотров

Made in Aktobe  өнімінің таныстырылымы 6-7 ақпанда өтті

Оны Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары  бұл шараны тамашалап қана қоймай, екі күн ішінде «Орда» сауда үйінен 60 жергілікті өндірушілердің өнімдердерін, атап айтқанда, ет, шұжық, қышқыл сүт және азық-түлікке жатпайтын өзге тауарларды сатып алды.

«Мұндай іс-шара облыс орталығында бірінші рет өтіп отыр. Тек жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылғандықтан, біз мұны «Ақтөбе өнімдері» деп атадық. Осылайша, біз облыста шығарылатын өнімдерді тұрғындарға таныстырудан бөлек, өзіміздің өндірушілерге де қолдау көрсетуді қалаймыз. Халыққа тауар өндірушілердің өз бағасымен сатып алуға, яғни былай айтқанда, делдалсыз сауда жасауға жақсы мүмкіндік туды», деді Палатаның директоры Нұрлыбек Мұқанов. 

Алдын ала тапсырыс бойынша ет, балық бөлімдері орналастырылды, шұжық, қышқыл сүт, нан-тоқаш өнімдерін сатуға орындар белгіленді және жергілікті азпаздық цехтар өз өнімдерін ұсынды. Сауда үйінің бірнеше нүктелерінде бал өнімдеріне сауда-саттық қызу жүрді.

Сонымен қатар, Ембілік кәсіпкер Дания Рысқұлованың алдынан клиенттер үзілмеді. Еске сала кетсек, 2014 жылы бұл кәсіпкер «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорынан бір жарым миллион теңге алып, Ақтөбедегі өнімдерді өрістетуге зор мүмкіндік алған. 

«Темір тұшпарасы» сауда белгісі бар Темір цехы да стартап-жоба болып табылады. Мәншүк Көккөзова бір жыл ішінде тұшпара мен вареник шығарып, цехты аяғынан тік тұрғызды. Өз ауылында оның табиғи өнімдері үлкен сұранысқа ие. 

Тұрақтандырушы қор есебінен саудаға шыққан көкөніс бөлімдерінде де ұзын-сонар кезек сап түзеді.

Жалпы алғанда, екі күн ішінде жарты тоннаға жуық балық, үш тоннадан аса сиыр, жылқы, шошқа еттері, 500 литрдей қымыз бен сүт өнімдері сатылып кетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер