«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазіргі экономикалық жағдайда бірлесе қимылдауымыз қажет

2016 жылғы 14 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
8448 просмотров

Ақтөбелік ірі компаниялар әкімдікпен дағдарысқа қарсы меморандумға қол қояды

Кеше, 13 қаңтарда, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ ірі мұнай‑газ өндіруші компаниясының ұжымымен кездесті. Бір күн бұрын облыс әкімі Ақтөбе хром қосылыстары зауытының ұжымымен дәл осындай кездесу өткізген болатын.

Мұнай‑газ компаниясында өткен кездесу барысында Бердібек Сапарбаев әлемдік экономикада қалыптасқан қазіргі жағдайда бірлесе қимылдаудың қажет екенін атады. Ол үшін ірі кәсіпорындар, тауар өндірушілер, ШОБ және басқа да шаруашылықтар жұмысын үйлестіру қажет. Жалпы, экономикалық дағдарыс ұйымдардағы жәрдемақы мен жалақының кешіктірілуіне себеп болмады. Облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда жұмыссыздық жалпы республикалықтан 0,2% төмен.

Өңір басшысы облыстағы басты сала – мұнай‑газ саласы экономикалық сипаттағы сыртқы кері әсерлерден жалтара алмағанын жасырмады.

«Осыған орай кәсіпорын басшыларымен жұмысты күшейтіп жатырмыз. Сонымен қатар қосымша резервтерді зерттейтін жұмыс тобы да құрылды»,- деп атады Бердібек Сапарбаев.

Бұған, ең алдымен, мұнай‑газ саласындағы ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарай отырып қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, мұнай саласындағы қазақстандық мазмұн мәселесіне ерекше назар аударылды, бұл импортқа тәуелділікті қысқартып, бюджетті толықтыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь 2015 жылы кәсіпорын сатып алуларындағы қазақстандық мазмұн үлесінің ұлғайып, 20 % жуық шаманы құрағанын хабарлады.

«Кәсіпорын мұнай мен газды өндіру жоспарын асыра орындады. Алайда мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі, теңге девальвациясы салдарынан компания табысы 311 млрд теңгені құраған, ол жоспарланғаннан 35% төмен. Акционерлік қоғам тіршілік етіп келе жатқан 18 жыл ішінде мұндай жағдайға алғаш рет жолығып отырмыз», - деп атады бас директор.

Компания шығындарға қарамастан, еңбек шарты мен мойнына алған әлеуметтік міндеттемелерді орындаған. Атап айтқанда, кезекшілік әдіспен жұмыс жасайтын мамандардың тамақтануына кәсіпорын шамамен 800 млн. теңге жұмсаған. Өткен жылы жалақыға қоса, әрбір жұмысшының әлеуметтік қоржыны 222 мың теңгені құраған.

Бердібек Сапарбаев кездесу соңында компания басшылығына Жаңажол газды қайта өңдеу зауыты құрылысының үшінші кезегін уақытында енгізуді, инвестициялар көлемін төмендетпеуді және қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелерінде өңірлік деңгейдегі бұдан арғы келісілген әрекеттер мен өзара түсіністік жолында облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақтың аумақтық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар жұмысшылардың қысқаруына жол бермеу, жалақыны уақытында төлеу, өндірістік бағдарламаны және ұжымдық шартты орындау жөнінде шаралар қолдануға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер