«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

700 000 000

2015 жылғы 29 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
11342 просмотров

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ келесі жылы жергілікті тауар өндірушілер өнімін осындай сомаға сатып алмақшы

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі мұнай саласының алыбы – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясымен жасалған жұмыста осындай тиімді нәтижеге қол жеткізді.

2015 жылғы қараша айының ортасында ӨКП жәрдемімен өңірдегі ірі мұнай-газ өндіруші компания өкілдері тамақ өнеркәсібі өндірушілерімен кездескенін еске саламыз. ӨКП «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сатып алулар департаментінің өкілдерімен кездесуге сүт, ет, шұжық өнімдерін, ұн және макарон өнімдерін өндіретін 40-тан астам кәсіпорын басшыларын шақырды. Сонымен бірге, сиыр етін, қой етін және көкөніс өнімін дайындаумен айналысатын шаруа қожалықтарының, ауыз су өндірумен айналысатын компаниялар басшылары да өз өнімдерін таныстырып, өздерін таныта алды.

Қазірде тамақ өнімдерін өндірушілердің өнім өткізу түйткілдеріне ұшырасып жүргені құпия емес. Бұл әсіресе ет және көкөніс өнімдерін әзірлеумен айналысатын шаруа қожалықтарына қатысты.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Палатаның жергілікті өндірушілерді қолдау бастамасын құптап, сатып алуларға тікелей қатысу мүмкіндігін бергені көңіл қуантады. Байқау өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар кездесулер өткізіп, байқау құжаттамасын қару кезеңінде бақылаушылар ретінде қатыстық. Ақырында 700 млн теңгеден астам сомаға шарттар жасалды. Сөйтіп, «Рамазан» ЖШС компанияға жармалар, ұн, макарон және жұмыртқа жеткізеді, «Тандем W» ЖШС – шұжық өнімдерін, ал «Пайда» шаруа қожалығы – көкөніс өнімін. «Наурыз-Сим» ШҚ компанияны балықпен қамтамасыз етсе, «Реймкул» ШҚ - етпен. Басқа да ірі компаниялардың СНПС» мысалынан үлгі алып, ақтөбелік кәсіпкерлерді қолдауға үлестерін қосарына сенеміз», - дейді ӨКП сарапшысы Владимир Сухорученко.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер