«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Белгіні алып тастаңыздар!

2015 жылғы 28 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
12124 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкерлер жол бойындағы «Аялдамаға тыйым салынған» белгісін алып тастауды талап етуде

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына 101 Атқыштар бригадасы көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінші қабаттарында жұмыс жасайтын 53 бизнесмен жүгінді. Аталмыш мәселені отырысы Ақтөбе облысы прокуратурасында өткен сараптау кеңесінің мүшелері қарады.

«Олар Әбілқайыр хан даңғылынан бастап Ағайынды Жұбановтар көшесіне дейінгі көше учаскесінде 2015 жылғы қараша айының ортасында «Аялдамаға тыйым салынған» жол белгісінің орнатылуына шағымданды. Бұл ауданда бұдан басқа тұрақтайтын орын жоқ. Автокөлік иелері машиналарын тұрғын үйлер аулаларына қоюға мәжбүр. Қалыптасқан жағдай салдарынан жеткізушілер мен клиенттер тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізе алмайды. Кәсіпкерлердің клиенттерінің де автокөліктерін қоятын жер жоқ. Қалыптасқан жағдайға байланысты клиенттер мен жеткізушілердің бір бөлігі аталмыш көше бойында орналасқан кәсіпкерлермен әріптесуден бас тартқан. Осының бәрі табыстарының деңгейіне кері әсерін тигізуде. Бұл қаладағы бизнес жүргізу мүмкін болмай отырған жалғыз орын емес», - деп хабарлады Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрлан Махамбетов.

«Құрылыс нормалары мен қағидаларына және Санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес, тауарды тиеуді және түсіруді жол жақтан жүргізу қажет, сондықтан да бұл белгіні «Тұраққа тыйым салынған» деп өзгертуді және осы белгінің әрекет ету режимін орнатуды ұсындық», - дейді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мирлан Бисенғалиев.

Сараптау кеңесінің барысында «Аялдамаға тыйым салынған» жол белгіснің «Тұраққа тыйым салынған» деген белгіге ауыстырылғаны белгілі болды, алайда Палата сарапшылары ұсынғандай әрекет ету мерзімі көрсетілмеген.

Оның үстіне жергілікті атқару билігінің өкілдері тілек білдірген әрбір кәсіпкердің көлігін қоюға қосымша жер телімі ала алатынына уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер