«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түзету орындарындағы жұмыс

2015 жылғы 04 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
9629 просмотров

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өңірдегі бизнес-қоғамдастықтың сотталғандарды жұмысқа тұрғызуын сұрайды

Ақтөбе облысындағы түзету мекемелерінде қазірде шамамен 1800-ге жуық сотталған жазасын өтеуде, оның ішінде 70% астамы Ақтөбе облысының тұрғындары болып табылады.

Сотталғандардың жұмыс жасамауы еңбек және кәсіби дағдылардан айрылуға, әлеуметтік байланыстардың ажырауына, түрмедегі қосақы мәдениеттің таралуына қылмыстардың қайталануына алып келетін болғандықтан, олардың жұмыс жасауы қажет, деп есептейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығы Ернат Ақылжанов.

«Жүргізілген талдау қайтадан қылмыс жасаудың негізгі себептерінің бірі көптеген сотталғандардың тұрақты жұмыс орны, сәйкес кәсіби білімнің және баспананың жоқтығы болып табылғанын көрсетіп отыр. Осыған орай кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің сотталғандардың еңбек тәрбиесіне белсенді ат салысуын сұраймыз», - деп атады Ернат Ақылжанов.

Сонымен, КА-168/2 мекемесінің 1000 кВт қуаттағы электр-трансформаторлық қосалқы станциясымен, 10 тоннаға дейін жүк көтере алатын көтергіш-арқалықпен жабдықталған бос жатқан өнеркәсіптік аудандарында (шамамен 4000 шаршы метр) құрылыс материалдары өндірісін, тігін және металл бұйымдар, темір-бетон өнімдері өндірісін жөнге салуға мүмкіндік бар.

Кәсіпкерлер ҚР мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес, яғни жалдау ақысын төлеусіз, сотталғандар жалақысымен үнемдеу, түзету мекемелерінің өнеркәсіптік аймақтарында жұмыс жасаудың шынайы мүмкіндігіне ие болады да, бұл келешекте тауардың өзіндік құны мен оның кірісіне оң әсерін тигізеді.

«Облыстағы басқа да түзету мекемелерінде осындай мүмкіндіктер баршылық. Мекеме әкімшілігі өз кезегінде жұмыс жасап, айлық тапқысы келетін және отбасыларына материалдық тұрғыдан көмектескісі келетін сотталғандарды қажет жұмыс мөлшерімен қамтамасыз ете алады, ал оларда мерзімінен бұрын шартты босатылу мүмкіндігі туындайды. Нәтижесінде жұмысқа тұрған сотталушы ертеңіне сеніммен қарап, босатылғанда белгілі бір қаражаты болады. Қолданылған шаралар қоғамды қылмыстың қайталануынан қорғап қалады. Сотталғандарды кәсіпкер таңдауымен техникалық мамандықтарға оқытуға мүмкіндігі бар», - деп жалғады сөзін ҚАЖД бастығы.

Бір айта кететіні, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев департамент бастығының шағын және орта бизнес субъектілерінің ТМ аумағында өндірістің жаңа түрлерін ашу жөніндегі бастамасына қолдау көрсетті.

Департаменттегілер бизнестің ТМ аумағында қосымша жұмыс орындарын құруға қатысуы сотталғандардың қоғам алдында толығымен оңалуына мүмкіндік беріп, болашақта оларды босатылған қылмыскерлер тарапынан болатын қылмыстық қастандықтан қорғайды. Сонымен қатар күрделі экономикалық жағдайда кәсіпкерлердің өзара тиімді шарттардағы өндірісті дамытуына мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер