«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Машинистер биіктен көрінді

2015 жылғы 09 Қараша
- Ақтөбе облысы
9687 просмотров

«Қазхром» компаниясының төрт қызметкері «Мамандығының үздігі» республикалық байқауында жеңіске жетті

Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін қазақстандық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар – «Қазхром» компаниясы филиалдарының қызметкерлері төрт бірдей жоғары марапатты жеңіп алды.

Ақсу ферроқорытпа зауытының көтергіш машинисі Марина Новарыч және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірістік шебері Арман Әбілберіков алғашқы екі орыннан көрінді. Екінші орын Дон тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары – көтергіш машинисі Татьяна Петренчик және газды-электрлі дәнекерлеуші Роберт Насыровқа берілді. «Қазхромның» барлық жеңімпаздары өз кәсіпорындары мен компаниялары деңгейінде кәсіптік шеберлік байқауларының жүлдегелері болып табылады.

Құжаттар жинаумен және қатысушыларға консультация берумен айналысқан Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Венера Шавкилованың айтуынша, Ақтөбе облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жас жұмысшылардан 13 өтінім келіп түскен.

«Мен үшін бұл байқаудан жеңіп шығу – мамандығымда одан әрі даму әрі өсу үшін үлкен түрткі. Қазіргі кезде біздің елімізде Еңбек адамына көп көңіл бөлінетіні, сонымен қатар еңбегіңнің сұралатыны әрі құрметтелетінін сезіну көңіл қуантады», - деп атады байқау жеңімпазы, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірістік шебері Арман Әбілберіков.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанадағы «Хан-Шатыр» Сауда ойын-сауық орталығында өтті. Байқауды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Қазақстан 2050» жалпы ұлттық қозғалысы үздіктерге естелік сыйлықтар, мадақтамалар мен атаулы мүсіншелер табыстады.

Байқаудың басты мақсаты жұмысшы мамандықтар беделін көтеру болды.

«Компаниямыздың негізі әрі басты құндылығы – бұл жұмысшы мамандықтардағы адамдар.  Тау-кен металлургия саласының және елдегі күллі экономиканың көшбасшысы да дәл солар. Сондықтан да бүгінде кәсіпорындарымызға үлкен әлеуетке ие жастардың келетіні ұнамды. Олар әлеуеттерін Еуразиялық Топ деңгейінде ғана емес, ендігі жерде республика көлемінде де ашып, көрсетіп жатыр», - деп атады «Қазхром» президенті Виктор Тиль.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі берген алдын-ала бағалау бойынша, 2018 жылға дейін Қазақстанда дәл осы жұмысшы кәсіптер, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары біршама тапшы болмақ. Тау-кен жұмысшылары, құрылысшылар, жүргізушілер, механиктер, сонымен қатар өнеркәсіпте, құрылыста, көлік және байланыс саласында, геологияда және жер қойнауларын барлауда еңбек ететін білікті емес жұмысшылар ерекше сұранысқа ие болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер